Астаналықтар жаппай вакцинациялауды қолдайды

  • 17.08.2021

Вакцинация бүгінде бүкіл әлемде коронавирустық пандемиямен күресудің жалғыз, тиімді жолы ретінде саналады. Вакцинаның арқасында ғана ұжымдық иммунитетті қалыптастырып, қалыпты өмір режиміне оралуға болады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Ғалымдар мен дәрігерлер вакцинацияланғандардың коронавирусты әлдеқайда аз жұқтыратынын, тіпті жұқтырған жағдайда да ауру жеңіл өтіп, өлім-жітімсіз аяқталатынын айтады. Вирус үнемі құбылып отыратынын ескерсек, жұрт иммундаудан неғұрлым тез өтсе, соғұрлым қауіпті аурудың таралуын тоқтата алады. Екпені стационарларда тәулік бойы пациенттердің денсаулығы үшін күресіп жүрген медицина қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар қоғам қайраткерлері, спортшылар, әртістер, еріктілер, танымал тұлғалар мен елорда тұрғындары да қолдайды.

Вакцинацияның арқасында ұжымдық иммунитетті қалыптастырып, қалыпты өмірге оралуға, үлкен дастархан басында бас қосуға, жаттығуларға баруға, сүйікті жерлеріңізде серуендеуге, денсаулығыңызға алаңдамай кездесулер өткізуге мүмкіндік береді.

«Вакцина алғаннан кейін өзіңді жайлы сезінесің, өйткені, өзіңді осылай қауіптен қорғайсың. Вакцинация – өмірді қалпына келтірудің жалғыз жолы. Бәрінің вакцина алуын кеңес етемін», - деді елорда тұрғыны Гүлшарат Нұрғалиева.

Айта кетейік, бүгінде Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 376 мыңнан астам адам алды, ал 295 мыңнан астам азамат толық иммундаудан өтті.

https://youtu.be/ybtS3YCk3Wc

Байланысты жаналықтар

Енді бюджет бойынша лимит сақтамаған әкімдер жазаланады

19.04.2025

Доллар бағасы сәл арзандады

18.04.2025

Үкіметте көлік және темір жолдарды дамыту жөніндегі инвестициялық жобалар қаралды

18.04.2025

Екінші деңгейлі банктер 650,9 млрд теңге қарызын қайтармаған

18.04.2025

Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

17.04.2025

ШҚО әкімі Ұлан ауданының ірі агро нысандарын аралады

17.04.2025
MalimBlocks
Енді бюджет бойынша лимит сақтамаған әкімдер жазаланады

Елімізде өңірлік деңгейде мемлекеттік борышты басқару тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылданды

Доллар бағасы сәл арзандады

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 524 теңгеден сатылып жатыр

Үкіметте көлік және темір жолдарды дамыту жөніндегі инвестициялық жобалар қаралды

Екінші деңгейлі банктер 650,9 млрд теңге қарызын қайтармаған

Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

Ұлттық банк азаматтарға алаяқтар банктің ресми бланкісін қолданып, жалған құжат ұсынып жатқанын айтты

ШҚО әкімі Ұлан ауданының ірі агро нысандарын аралады

Кәсіпорынның материалдық-техникалық базасында 9 жүк көлігі мен 21 трактор бар