Азық-түлік қоры толықтырылып отырады

Malim Админ

  • 19.05.2021

Ауыл шаруашылығы саласының басты міндеті – ең алдымен азық-түлік қорының жеткілікті болуын қамтамасыз ету. Мұнда бірнеше факторды атап өту керек. Ең алдымен, АӨК көлемінің ішкі сұранысты қанағаттандыруы. Одан кейін, экспортқа шығару. Бүкіл өнімді жамбасқа басып алып жата беруге болмайды, өзге бір елдермен келісім арқылы алыс-берісті жолға қою да басты мәселелердің бірі. Мысалы, біз өзге бір елге астық берсек, олар бізге көкөніс ұсынуы мүмкін. Бұл жағдайда, екі жақ, ортақ шешімге келу арқылы, бір біріне селбесе отырып, қымбат та емес, арзан да емес, екі тарапқа да оңтайлы бағаны белгілейді. Міне, осы жағынан алғанда, елдегі азық-түлік қорының жеткілікті болуы ауыл шаруашылығы өнімдеріне тікелей байланысты.

Пандемия басталғанда-ақ кейбір елдерде азық-түлік тапшылығы сезіле бастаған. Сол кезде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, елде азық-түлік қорының жеткілікті екенін айтып, азық-түлік бағасының қымбаттамауын қадағалауды тапсырған. Одан бері де быр жылдан аса уақыт өтті. Қазір жағдай қалай болып жатыр?

Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, азық-түлік қауіпсіздігі ылғи да бақылауда ұсталып келеді. Мәселен, азық-түлік тауарларының негізгі 32 санаты бойынша өңірлердің қамтамасыз етілу деңгейін анықтау үшін апта сайын мониторинг жүргізіліп келеді. Бұл істі жүргізумен, әрине, тиісті ведомсвто айналысады.

Мониторинг елдегі азық-түлік қорларын, бағаның тұрақтылығын қалай бақылайды дегенге келсек, олардың ең алдымен бақылауға алатыны тұрақтандыру қорларындағы, ірі сауда желілеріндегі, жеткізушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарының қоймаларындағы қорларды бақылап оытрады. Әр апта сайын алынған мәліметтерді министрлікке ұсынып отырады. Министрлік өз кезегінде, осы көрсеткіштерге қарап, шешім шығарады, бағыт белгілейді.

Мамыр айының ортасындағы өңірлерден алынған мәліметтерге сәйкес, елімізде жалпы көлемі 1,2 миллион тонна болатын түрлі азық-түлік тауар қоры бар екен. Оның 625,2 мың тоннасы өндіруші кәсіпорындарда; 173,2 мың тоннасы арнайы қоймаларда; 345,1 мың тоннасы сауда желілерінде; 19,6 мың тоннасы тұрақтандыру қорларында сақталған. Бұл ғана емес, қазіргі көрсеткіш бойынша республикамызда 319,9 миллион дана жұмыртқа мен 5,6 миллион тонна азық-түлікке арналған бидайы қоры сақталып отыр.

 «Азық-түлік өндірісі артып келеді және қорлар үнемі жаңартылып, толықтырылып отырады. Сондықтан, азық-түлік тапшылығы жоқ және болмайды да», деп хабарлады Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Байланысты жаналықтар

Енді бюджет бойынша лимит сақтамаған әкімдер жазаланады

19.04.2025

Доллар бағасы сәл арзандады

18.04.2025

Үкіметте көлік және темір жолдарды дамыту жөніндегі инвестициялық жобалар қаралды

18.04.2025

Екінші деңгейлі банктер 650,9 млрд теңге қарызын қайтармаған

18.04.2025

Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

17.04.2025

ШҚО әкімі Ұлан ауданының ірі агро нысандарын аралады

17.04.2025
MalimBlocks
Енді бюджет бойынша лимит сақтамаған әкімдер жазаланады

Елімізде өңірлік деңгейде мемлекеттік борышты басқару тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылданды

Доллар бағасы сәл арзандады

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 524 теңгеден сатылып жатыр

Үкіметте көлік және темір жолдарды дамыту жөніндегі инвестициялық жобалар қаралды

Екінші деңгейлі банктер 650,9 млрд теңге қарызын қайтармаған

Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

Ұлттық банк азаматтарға алаяқтар банктің ресми бланкісін қолданып, жалған құжат ұсынып жатқанын айтты

ШҚО әкімі Ұлан ауданының ірі агро нысандарын аралады

Кәсіпорынның материалдық-техникалық базасында 9 жүк көлігі мен 21 трактор бар