457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

"Балқаш-Бурылбайтал" автожолы да ақылы болмақ

11 мамырдан бастап "Балқаш-Бурылбайтал" автожолы ақылы болады, деп хабарлайды Malim.kz.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы  ҚР Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 134 бұйрығына сәйкес 2025 жылғы 11 мамырдан бастап республикалық маңызы бар "Балқаш-Бурылбайтал" автомобиль жолының 1864-1955 шақырым аралығындағы учаскесі ақылы болатынын мәлімдеді.

Ақылы жол учаскесінің жалпы ұзындығы 91 шақырым, І-б санаты, өту жолағының ені кемінде 3,75 метр, екі бағытта екі жолақ.

Балама тегін жол  "Балқаш – Қарағанды – Қарқаралы – Аягөз – Талдықорған – Көктал – Шунджа – Көкпек – Алматы – Құрты – Бурылбайтал" автомобиль жолы арқылы ұсынылады.

Жеңіл, автобус, жүк көліктері үшін айлық және жылдық абонемент ұсынылады. Ол үшін 1403 байланыс орталығына хабарласу қажет.

Сондай-ақ, төлемді кейінгі немесе алдын ала төлеуге болады. Жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін екінші деңгейлі банктер арқылы онлайн төлем қарастырылған.

Фото: ҚазАвтоЖол