457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстанда тағы бір жол ақылы болды

Көлік министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда тағы бір жол учаскесі ақылы болмақ. Әңгіме Шу – Бурылбайтал бағыты туралы болып отыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл шешім 13 мамырдан бастап күшіне енеді. Жаңа тәртіп ең алдымен коммерциялық көліктерге қатысты — жеңіл автокөліктер үшін жол ақысы алынбайды.

Жол ақысынан жалтарғысы келетіндер үшін балама бағыт бар: Шу – Қайнар – Кенен – Қарабастау – Қаншенгель – Ақсүйек – Бурылбайтал.

Төлем мөлшері көлік түріне байланысты және АЕК-ке (2025 жылы 3932 теңге) сәйкес есептеледі:

16 орынға дейінгі автобустар мен 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін:

1 032 теңге (алдын ала төлем);

1 213 теңге (кейін төлеу).

32 орынға дейінгі автобустар мен 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін:

2 083 теңге (алдын ала төлем);

2 446 теңге (кейін төлеу).

32 орыннан асатын автобустар мен 10 тоннаға дейінгі автопоездар үшін:

3 115 теңге (алдын ала төлем);

3 659 теңге (кейін төлеу).

10-15 тонна аралығындағы жүк көліктері үшін:

4 156 теңге (алдын ала төлем);

4 892 теңге (кейін төлеу).

15 тоннадан асатын жүк көліктері, тіркемесі бар көліктер мен тартқыштар үшін:

5 188 теңге (алдын ала төлем);

6 105 теңге (кейін төлеу).

Тұрақты пайдаланушылар үшін абонементтер қарастырылған — көлік түріне байланысты айына 1-ден 5 АЕК-ке дейін немесе жылына 12-ден 60 АЕК-ке дейін.

Фото: pixabay.com