457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алакөл бағытындағы жолдарда қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Алакөлге баратын туристер ағынының артуына байланысты Абай облысындағы жолдарда қауіпсіздік шаралары күшейтілді, деп хабарлайды Malim.kz.

«Абай облысының жолдарында Алакөлге ағылған туристік ағынға байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Полиция қызметкерлері жүргізушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жол жүру ережелерін мүлтіксіз сақтаудың маңыздылығын еске салып жатыр. Әсіресе жылдамдықты асырмауға, мас күйінде көлік жүргізбеуге, қауіпсіздік белдігін тақпауға және жаяу жүргіншілерге жол бермеуге жол берілмейтініне баса назар аударылуда», – делінген хабарламада.

Жол бойында медициналық тексеру пункттері орнатылған. Онда жүргізушілердің шаршауы немесе денсаулық жағдайының нашарлау белгілері дер кезінде анықталады. Маканшы өңірінде жүзеге асырылып жатқан бұл кешенді шаралар жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және туристер мен жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Фото: Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі