457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты

28 мамырда кешке "Алматы – Бішкек" автожолының 44-шақырымында жол апаты болып, салдарынан төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

"Алматы – Бішкек" автожолының 44-шақырымында 28 мамырда сағат 18:00 шамасында болған жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қайғылы оқиға салдарынан төрт адам оқиға орнында көз жұмды, олардың арасында Geely автокөлігінің жүргізушісі де бар", – делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша, Түркістан облысының 39 жастағы тұрғыны басқарған КамАЗ жүк көлігінің тіркемесі ажырап кеткен. Басқарусыз қалған тіркеме қарсы жолаққа шығып кетіп, Geely көлігімен соқтығысқан. Соққыдан кейін Geely инерциямен келе жатқан KIA Sportage көлігіне соғылған.

Қазір полиция жан-жақты тергеу жүргізіп жатыр. Апаттың нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. 

Фото: видео кадры