457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астанада психикалық дертке шалдыққан 6 адам көлік жүргізген

Астана қаласының прокуратурасы психикалық ауруына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылған және медициналық қарсы көрсетілім тізіміне енген тұлғалардың көлік құралдарын басқару құқығын тексеру нәтижесін жариялады.


Талдау көрсеткендей, медициналық қарсы көрсетілімдер тізіміне сәйкес көлік құралдарын қауіпсіз басқаруға тыйым салынған 76 адамның ішінде 6 азаматтың қолданыстағы жүргізуші куәліктері бар екені анықталды.

- Осыған байланысты, елорда прокуратурасы жүргізушіге қатысты азаматтық талап арыз беріп, сот 2025 жылғы 2 шілдедегі шешімімен аталмыш азаматтың көлік құралын басқару құқығын тоқтатты.

Аудандық прокуратуралар ұқсас талап-арыздық жұмыстар жүргізіп, барлығы 4 талап арыз сотпен қанағаттандырылған, - деп жазды бақылаушы органнан.

Талдау нәтижелері бойынша Қылмыстық кодекстің 16 және 91-баптарына өзгерістер енгізу ұсынылды. Бұл өзгерістер сотқа психикалық ауруға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылған адамдарға қатысты көлік құралын басқару құқығын тоқтату мәселесін қатар қарауға мүмкіндік береді.

Фото: freepik.com