457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Көлік бір топ адамды қағып кетті: 20-дан астам адам жарақат алды

Лос-Анджелестегі Санта-Моника бульварында көлік адамдар тобын қағып өтті, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Оқиға нәтижесінде 20-дан астам адам жарақат алды, олардың бірнешеуі ауыр халде. Бұл туралы қаланың өрт сөндіру-құтқару қызметі хабарлады.

Құтқарушылардың мәліметінше, 4–5 адам аса ауыр күйде, тағы 8–10 адам ауыр жарақат алған.

Жол-көлік оқиғасы Голливуд пен Беверли-Хиллз аймақтары арқылы өтетін Санта-Моника бульварында болған.

Қазіргі уақытта оқиғаның себептері белгісіз, тергеу жүргізіліп жатыр. Билік өкілдері ресми мәлімдеме жасауға асығар емес.

 

Фото: Patrick T. Fallon/AFP/Getty Images