Бектенов кәсіпкерлермен салық реформасын талқылады

Арман Қайыпхан

  • 13.02.2025

Петропавлда Премьер-министр Олжас Бектенов кәсіпкерлермен кездесті, деп хабарлайды Malim.kz.

Жиынға ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп басшыларын қоса алғанда, бизнес саласының 60-қа жуық өкілі қатысты.

Отырыста салық-бюджет реформасы мен оған қатысты өзекті сұрақтар талқыланды. Үкімет басшысы салық жүйесіндегі өзгерістердің бизнесті дамытуға әсерін атап өтті.

Бектенов бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту қажеттігін айтты. Бұрын қабылданған салықтық жеңілдіктер бюджет теңгерімсіздігіне әкелген. Үкімет әлеуметтік шығыстарды қысқартпай, салықтық түзетулер арқылы бюджетті тұрақтандыруды көздейді.

Премьер-министр бюджетке түсетін қосымша кірістер мемлекеттік аппаратты кеңейтуге емес, инфрақұрылым мен бизнес жобаларды дамытуға бағытталатынын мәлімдеді.

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин сараланған ҚҚС жүйесін таныстырды:

• 16% – базалық мөлшерлеме

• 10% – кейбір салалар үшін

• 0% – агроөнеркәсіп кешені үшін.

Кездесу сұрақ-жауап форматында өтті. СҚО кәсіпкерлер палатасының төрағасы Сергей Домаев ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының салықтық реттеу мәселесін көтерді. Ол ҚҚС-тан босату шарасын бүкіл өндіріс тізбегіне қолдану қажеттігін айтты.

Премьер-министр Ұлттық экономика министрлігіне бұл ұсыныстарды жан-жақты қарастырып, ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік маңызы бар тауарларға салықтық әкімшілендіруді пысықтауды тапсырды.
Фото: Үкімет

Байланысты жаналықтар

Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

16.04.2025

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

16.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

14.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

14.04.2025
MalimBlocks
Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

Энергетика министрлігі электр энергиясы үшін шекті тарифтерді қайта қарады