457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Доллар 532 теңгеден саудаланып жатыр

Malim.kz

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 525 — 532 теңгеден саудаланып жатыр.  


Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 526 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 531,5 теңге. Еуро 542 — 548 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 525 теңге, сатып алу құны — 532 теңге. Еуро 537 теңгеден сатылып, 550 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,80 — 5,07 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 525,11 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,88 теңге. Еуро — 546,74.

Айта кетейік, 31 желтоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,53 теңгеге қымбаттап, 525,10 теңге болған.