Доллар бағасы 529 теңгеге жетті
Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 522 теңге
Ұлттық банктің 4 желтоқсанға арналған ресми бағамы – 1 долларға 523,17 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,93 теңге. Еуро — 550,06.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 523,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 528,1 теңге. Еуро 544,5 — 552,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 522 теңге, сатып алу құны — 529 теңге. Еуро 543 теңгеден сатылып, 553 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,97 - 5,07 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 3 желтоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,58 теңгеге төмендеп, 523,21 теңге болған.
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін көтерді.
Фото: elements.envato.com