Доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Malim Админ

  • 09.01.2025

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 527-532 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлттық банктің 9 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 527,23 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,05 теңге. Еуро — 544,05.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 527,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 531,5 теңге. Еуро 543,5 — 549,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 528,5 теңге, сатып алу құны — 532,5 теңге. Еуро 541 теңгеден сатылып, 547 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,07 — 5,20 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 8 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,33 теңгеге төмендеп, 527,14 теңге болған.

Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты. 

Сондай-ақ, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар бағамының өзгеруі импорт тауарлары құнына әсер етуі мүмкін екенін айтты.

Фото: malim.kz

Байланысты жаналықтар

Доллар бағасы сәл арзандады

18.04.2025

Доллар бағамы тағы өсті

16.04.2025

Тимур Сүлейменов: Көше бойындағы валюта бағамдарының таблолары 90-жылдардан қалған дәстүр

11.04.2025

Елімізде доллар арзандай түсті

11.04.2025

Әлемде мұнай бағасы тағы да құлдырап жатыр

11.04.2025

Қазақстанда 8 сәуірге белгіленген доллар бағамы белгілі болды

08.04.2025
MalimBlocks
Доллар бағасы сәл арзандады

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 524 теңгеден сатылып жатыр

Доллар бағамы тағы өсті

Қазақстанда доллар қайтадан қымбаттап жатыр

Тимур Сүлейменов: Көше бойындағы валюта бағамдарының таблолары 90-жылдардан қалған дәстүр

Елімізде доллар арзандай түсті

Әлемде мұнай бағасы тағы да құлдырап жатыр

Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің құны 63 долларға дейін түсті

Қазақстанда 8 сәуірге белгіленген доллар бағамы белгілі болды

Қазақстанда 8 сәуірге белгіленген доллар бағамы белгілі болды