457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Доллардың бүгінгі бағамы қандай?

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 527 – 532 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлттық банктің 10 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 524,75 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,12 теңге. Еуро — 540,60.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 527,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 531,5 теңге. Еуро 541,5 — 547,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 526 теңге, сатып алу құны — 530 теңге. Еуро 541 теңгеден сатылып, 548 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,05 - 5,21 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 9 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,24 теңгеге төмендеп, 524,90 теңге болған.

Фото: malim.kz