457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бүгіннен бастап мобильді аударымдар бақылауға алынды

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап мобильді аударымдарға салық органдары тарапынан бақылау жүргізіле бастады. Бұл шараның мақсаты – көлеңкелі бизнестің жолын кесу, деп хабарлайды Malim.kz Қазақстан телеарнасына сілтеме жасап.

Ережеге сәйкес, егер азаматтың жеке шотына үш ай қатарынан 100 немесе одан да көп түрлі адамнан аударым түсіп, жалпы сомасы 1 млн теңгеден асса, салық органдары назарға алады. Ал бір адамнан ай сайын 100 рет ақша түсуі немесе 20-30 адамнан бір реттік 1 млн теңгеден асатын қаражат келуі тексеріс себебі болмайды.

Қайырымдылық мақсатында түскен қаражатқа салық салынбайды. Алайда жеке тұлға мұны растайтын құжаттарды көрсетуге міндетті. Той-томалақтағы сыйлық түрінде түскен ақшалай аударымдар да бір реттік болғандықтан салық салуға жатпайды.

Жеке шотын кәсіпкерлікке пайдаланғандарға алдымен салық органдары ескерту жасайды. Егер жағдай қайталанса, 40 АЕК (шамамен 157 мың теңге) көлемінде айыппұл салынады. Сонымен бірге азаматқа кәсіпкер ретінде тіркеліп, салық төлеу міндеттеледі.

Фото: gov.kz