457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Елімізде бір жыл ішінде не қымбаттады?

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы инфляция туралы деректерді жариялады

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы инфляция туралы деректерді жариялады, - деп хабарлайды Malim.kz.

Айлық инфляция

Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, наурыздағы тұтыну бағалары индексі - 1,3 пайыз (ақпанда бұл көрсеткіш 1,5 пайыз болған).

Ай ішінде азық-түлік тауарларының бағасы 1,6 пайызға, ақылы қызметтер 1,3 пайызға, ал азық-түлік емес тауарлар 0,8 пайызға өсті.

Жылдық инфляция
Қазақстанда жылдық инфляция қарқыны артты. Жылдық инфляция - 10 пайыз (ақпанда – 9,4 пайыз).

Ақы төленетін қызметтердің бағасы жыл ішінде 14,3 пайызға, азық-түлік емес тауарлар – 9,1 пайызға, азық-түлік тауарлары – 7,6 пайызға өсті.

Аймақтар бойынша ең жоғары жылдық инфляция Астанада (13,3 пайыз), ең төмені Павлодар облысында (6,9 пайыз) байқалды.

Бағаның өсуі
Жыл ішінде коммуналдық қызмет тарифтері айтарлықтай өсті:

Суық су – 88,4 пайызға,

Жылу – 19 пайызға,

Ыстық су – 14,6 пайызға,

Электр энергиясы – 14,3 пайызға,

Газ – 13,3 пайызға,

Қоқыс шығару – 11,1 пайызға,

Тұрғын үйді күтіп ұстау – 11 пайызға.

Сонымен қатар, мына қызметтер қымбаттады:

Кешенді демалыс қызметтері – 47,3 пайызға,

Байланыс қызметтері – 13,9 пайызға,

Денсаулық сақтау – 13,4 пайызға,

Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету – 12,9 пайызға,

Шаштараз және жеке қызмет көрсету орындары – 12,6 пайызға,

Қоғамдық тамақтану қызметтері – 11,3 пайызға,

Демалыс және спорттық іс-шаралар – 9,2 пайызға.

Көлікпен жүріп өту бағасы да қымбаттады:

Теміржол көлігі – 23,6 пайызға,

Қалалық автобус – 11,2 пайызға,

Әуе жолаушылар көлігі – 10 пайызға.

Автокөліктер мен техника бағасы өсті:

Аудиовизуал жабдықтар – 48 пайызға,

Алтын бұйымдар және сағаттар – 26,6 пайызға,

Жаңа жеңіл автокөліктер – 21,6 пайызға,

Кілемдер мен еден жабыны – 13,9 пайызға,

Киім және аяқкиім – 10,9 пайызға,

Мебель мен тұрмыстық заттар – 10 пайызға.

Тұтыну тауарларының бағасы өсті:

Картоп – 66,4 пайызға,

Пияз – 32,2 пайызға,

Қырыққабат – 27,3 пайызға,

Минералды және ауыз су – 17,1 пайызға,

Күнбағыс майы – 16,8 пайызға,

Кондитерлік өнімдер – 15 пайызға,

Қызанақ – 14,9 пайызға,

Банан – 14,6 пайызға,

Алкоголь сусындар мен темекі өнімдері – 13 пайызға.

Алайда кейбір тауарлар арзандады:

Қарақұмық – 17,7 пайызға,

Жұмыртқа – 8,3 пайызға,

Сәбіз – 7,4 пайызға,

Дәнді дақылдар – 6,3 пайызға.

Фото: Pixabay.com