Еуразиялық одақ және көкөніс экспорты

Malim Админ

  • 18.05.2021

Кез келген саланың даму кқрсеткіші ең алдымен одан түсетін қаржыға байланысты екені анық. Әрине, әлдебір тауарды сату үшін ең алдымен ішкі, сыртқы нарықтың ролі зор. Дегенмен, сыртқа шығатын тауардың жөні қашан да бөлек. Өйткені, мұнда кәсіпкерлердің қалтасына түсетін ақшадан бөлек, мемлекет қазынасына түсетін қаржының да көлемі жоғарырақ болары сөзсіз. Сол себепті, Қазақстанда шыққан өнімді экспортқа шығару сол саланың қай деңгейде тұрғанын анық көрсетіп бере алады. Өйткені, кез келген өнім алдымен ішкі нарықты қамтуға тиіс, одан артылғаны болса, шет елге шығатыны айтпаса да түсінікті.

Қазір ауыл шаруашылығы өнімдері, оның ішінде көкөністердің сыртқа тасымалдану көрсеткіші көңіл көншітерліктей. Айталық, көкөністердің ЕАЭО елдеріне шығатын экспортының құны 5 жылда 9 миллионнан 35,7 миллион АҚШ долларына дейін өсіпті. Яғни, көкөніс экспорты 5 жыл ішінде төрт есе өскен. Мұндай өсім көрсеткен тек көкөніс қана емес, жеміс-жидек 2 есеге, сүт өнімдері экспорты 3 есеге ұлғайған. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Руслан Манатаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

«Пандемияға байланысты экономикалық өсім қарқынының баяулағанына қарамастан, 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 5,6%-ға ұлғайды, ал ЕАЭО елдері бойынша бұл көрсеткіш орташа есеппен 2,3%-ды құрады. Ал, 2016 жылдан бері Қазақстан ЕАЭО елдеріне көкөніс экспортының көлемін 4 есеге, яғни, 9,1 миллион АҚШ долларынан 35,7 миллион АҚШ долларына дейін, жеміс-жидекті 2 есеге, яғни, 8,7-ден 16,2 миллион АҚШ долларына, сүт өнімдерін 2,9 есеге өскен, бұл ақшаға шаққанда 2020 жылы 17,2-ден 49,5 миллион АҚШ доллары. Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдері сияқты терең өңделген өнім экспортының көлемін де едәуір ұлғайту әлеуетіне ие», - деді вице-министр. 

Соңғы бес жылдағы көрсеткіш, яғни, 2016 жылмен салыстырар болсақ, 2020 жылы еліміз АӨК өнімдерінің экспортын 1,5 есе арттырып, одан түскен пайданы 2,7 миллиард долларға жекізді. Ал, жалпы ауыл шаруашылық өнімдерін ЕАЭО елдеріне жеткізу көлемі 5 жылда 26%-ға өскен. Вице-министр бұл Еуразиялық одақ шарттарының арқасында қол жеткізген жетістік екенін айтады.

«Еуразиялық одақ барлық қатысушы мемлекеттердің экономикаларын тұрақты дамытуға жағдай жасау мен ұлттық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында құрылған. ЕАЭО туралы Шартқа сәйкес АӨК саласында әділ бәсекелестікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ ресурстық әлеуетті тиімді іске асыруға және ортақ аграрлық нарыққа қол жеткізуге тең жағдай жасау үшін келісілген агроөнеркәсіптік саясат іске асырылуда», - дейді ол.

Байланысты жаналықтар

Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

16.04.2025

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

16.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

14.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

14.04.2025
MalimBlocks
Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

Энергетика министрлігі электр энергиясы үшін шекті тарифтерді қайта қарады