М.Әйтенов: Инфрақұрылым мәселесін 1-3 жылда шешуге болады

Malim Админ

  • 19.03.2021

Шымкенттің алдағы 2021-2023 жылдарға арналған бюджетінің негізгісі үш саланы бағыттауға жұмсалады. Олар: шеткі шағын аудандардың инженерлік-инфрақұрылымын салуға, халықты тұрғын үймен қамтуға және денсаулық сақтау саласының материалдық базасын нығайту бағыттары.

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық мәслихаттың кезекті үшінші сессиясында айтты. Оның айтуынша, барлық сала бойынша білікті мамандар тарту және арнайы құрал-жабдықтар әкелу өте маңызды. Қала әкімі әсіресе мәдениет саласын дамытудың маңызды екеніне тоқталды. Ал, жалпы мәслихат отырысында депутаттардың ұсыныстары ортаға тасталған. Онда кейбір салаларға бөлінетін қаржы мен шығатын шығынның қала экономикасына кері ісер ететіні, сондықтан оларға кететін қаржыны инфрақұрылымға бөлу қажеттігі айтылған. Бұл мәселе мәдениет саласына да қатысты қозғалды. Мұрат Әйтенов:

«Шымкент – еліміздің үшінші мегаполисі болғандықтан мәдениет саласын республика деңгейіне көтеруіміз қажет. Бұл салаға сол деңгейдегі мамандарды тарта отырып дамыта аламыз. Жергілікті мамандардың біліктілігі мен кәсібилігіне сенімсіздік танытпаймын. Дегенмен еліміздің мәдениет саласының дамуына үлесін қосып жүрген тәжірибелі азаматтардың көмегіне жүгінуге болады. Мәдениет дегеніміз бірден көтерілмейді, оны көтеруге 10-20 жыл уақыт керек. Ал, инфрақұрылым мәселесін 1-3 жылда шешуге болады», - деді.

Айта кету керек, сессия отырысында 2021-2023 жылдарға арналған қала бюджеті 448 млрд. теңге болып белгіленді.

Байланысты жаналықтар

Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

16.04.2025

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

16.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

14.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

14.04.2025
MalimBlocks
Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

Энергетика министрлігі электр энергиясы үшін шекті тарифтерді қайта қарады