Мақтаарал ауданында мектеп киімдерін тігетін фабрика іске қосылады

Malim Админ

  • 20.05.2025

Мақтаарал ауданының өндірістік әлеуеті жыл сайын артып келеді. Аудан әкімі Бақыт Асанов жуырда Қазақстан мен Қытай мемлекеттері арасындағы іскерлік ынтымақтастық негізінде құрылған «FANGAO киім тігу» ЖШС-ң өкілі Джу Ян Кунмен кездесті.


Мақсат – Атакент кентінде заманауи киім тігу фабрикасын ашу мәселесі. Аталған кәсіпорын – екі ел арасындағы өндірістік кооперацияның жарқын көрінісі. «FANGAO» компаниясы Атакент кентінен жалпы көлемі 1 200 шаршы метрді құрайтын, толық жөндеуден өткен ғимаратта киім тігу фабрикасын іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл жоба аудан экономикасына елеулі серпін беріп қана қоймай, тоқыма және жеңіл өнеркәсіп саласында жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ.

Фабриканың басты миссиясы – отандық нарыққа заманауи талаптарға сай, жоғары сапалы мектеп киімдерін ұсыну. Алғашқы кезеңде Мақтаарал ауданы мен көршілес аудандардың мектеп оқушыларын толықтай отандық өніммен қамту көзделуде. Мұндай бастама ата-аналар үшін де тиімді, себебі сапа мен баға арасындағы тепе-теңдік сақталып, шетелдік өнімдерге тәуелділік азаяды. Болашақта фабрика өз өнімдерін еліміздің басқа өңірлеріне де ұсынуды жоспарлап отыр.
Жаңа өндіріс орнының іске қосылуы - өңір үшін үлкен әлеуметтік маңызға ие. Жоспарға сәйкес, фабрика 200-ге жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтитын болады. Бұл – жергілікті тұрғындар үшін табыс көзі ғана емес, кәсіби дамуға, жаңа дағдыларды меңгеруге мүмкіндік беретін алаң. Кәсіпорын шеберлікке мән беріп, сапалы кадрлық құрам қалыптастыру мақсатында маусым айының соңынан бастап жұмысқа қабылдау және оқыту кезеңдерін бастамақ. Болашақ қызметкерлер тігін ісінің қыр-сырын үйреніп, арнайы оқыту бағдарламаларынан өтеді. Мұндай әдіс кадрлардың біліктілігін арттырып қана қоймай, өнім сапасының жоғары болуын қамтамасыз етеді.

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі 

Байланысты жаналықтар

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

17.05.2025

Tesla компаниясының оқыту әдістемесі: компания автомобиль нарығында қандай төңкеріс жасады

14.05.2025

Ақтаудағы Caspi Bitum зауытында битумның бірінші партиясы алынды

25.04.2025

Елімізде рұқсатсыз алтын өндірген компания басшылары ұсталды

24.04.2025

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 12-ші хат

19.04.2025

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 8-ші хат

11.02.2025
MalimBlocks
Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

Жасанды интеллект пен Big Data-ны пайдалану арқылы егістік алқаптары мен мал шаруашылығын тиімді басқаруға мүмкіндік туды

Tesla компаниясының оқыту әдістемесі: компания автомобиль нарығында қандай төңкеріс жасады

Tesla аккумуляторлар мен чиптерді әзірлеуден бастап БЖ-ны шығарып, тікелей сатуға дейінгі бүкіл өндірістік циклды бақылайды

Ақтаудағы Caspi Bitum зауытында битумның бірінші партиясы алынды

Елімізде рұқсатсыз алтын өндірген компания басшылары ұсталды

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 12-ші хат

Күнi eртeң oлар мұнай, алтын, фoсфoр, мыс сeкiлдi сапасы да, бағасы да жoғары өнiмдeрдi жанын салып өндiрe бастаған сoң (oларға жeңiлдiк мoл) шаш-eтeктeн байлыққа батады. Eртeң oл кeн oрындарының қазынасын түгeл қoпарып, суалған сиыр сeкiлдi қаңыратып кeтпeсe бoлды.

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 8-ші хат

Қарағандының 15 шахтасын гoлландықтар сатып алған, сoларды сақтап қалды дeп қуанып жүрмiз. Eкiбастұзды да сатып жiбeрдiк. Ал, oлардың бiр жылда өндiрeтiн 50 миллиoн тoнна көмiрiн əр тoннасын 10 дoллардан сатса, бiр жылдың өзiндe 500 миллиoн дoллар түсiрмeй мe? Oлар oсыны көрe, жылына 100 миллиoн дoллар бөлiп oтыр. Бүкiл Қызылoрданың үмiтi бoлған Құмкөлдi дe сатып жiбeрдiк.