457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Олжас Бектенов: әкімдер барлық саладағы жағдайды тікелей бақылауға алу керек

Абай, Ұлытау және Атырау облыстары артта қалып отыр

Әкімдер тарапынан барлық саладағы жағдайдың тікелей бақылауға алынуы аса маңызды мәселе. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты.

Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнім өсімі 3,6 пайызды құрап отыр. Дегенмен, экономиканың орнықты өсуі үшін бірқатар бағытта, оның ішінде өнеркәсіп, сауда және көлік сияқты негізгі салаларда өсім қарқынын арттыра түсу керек. Өңдеу өнеркәсібіндегі ахуал басты назарда болуға тиіс. Жылдың жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін барлық резервті пайдалану қажет, - деді Үкімет басшысы.

Премьер-министр қабылданып жатқан шараларды іске асыру арқылы экономикалық өсім көрсеткіштеріне қол жеткізу жергілікті жерлерде қамтамасыз етілетінін айтты.

Сондықтан әкімдер тарапынан барлық саладағы жағдайдың тікелей бақылауға алынуы аса маңызды мәселе. Негізгі макрокөрсеткіштер бойынша 11 өңірде оң динамика қалыптасты. Абай, Ұлытау және Атырау облыстары артта қалып отыр, - деді Олжас Бектенов. 

Айта кетейік, Үкімет отырысында 2025 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы талқыға салынып жатыр. 

Фото: Үкімет