457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Үкімет Алматы тау кластерін дамыту жоспарын жариялады

Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Үкіметтегі баспасөз конференциясында Алматы тау кластерін кешенді дамыту жоспарын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Жоба аясында қолданыстағы курорттарды кеңейту және жаңа туристік аймақтарды ашу көзделіп отыр.

Алматы таулары – біздің үлкен байлығымыз және ұлттық мақтанышымыз. Мұндай әсем таулар мен шаңғы тебуге арналған қар әлемде санаулы ғана жерде бар. Бұл әлеуетті пайдаланбау – орынсыз ысырап. Сондықтан Алматы тау кластерін дамытатын боламыз. Қазіргі таңда жоғары деңгейдегі инфрақұрылым тек Шымбұлақта бар, алайда ол трасса ұзындығы бойынша шектелген, демек туристерді қабылдау мүмкіндігі де шектеулі, — деді Олжас Бектенов.

Оның айтуынша, Алматы тау кластерін кеңейту бағдарламасы қабылданған. Жобаның ауқымы Талғар жақтан басталады: Ой-Қарағай, Бутаковка, Пионерлік шатқал, Кімасар, әрі қарай Шымбұлақтың өз инфрақұрылымы жетілдіріліп, Каскеленге дейін жалғасады.

Жоспарға сәйкес, заманауи тау-шаңғы және туристік инфрақұрылым салынады. Оған жаяу жүргіншілерге арналған соқпақтар, аспалы жолдар мен қызмет көрсету нысандары кіреді.

Премьер-министр Көктөбе-Жайлау шатқалында заманауи тау-шаңғы инфрақұрылымының құрылысы осы жылы басталатынын атап өтті. Жоба ашық әрі жария түрде жүзеге асырылады. Экологиялық қауіпсіздік талаптары қатаң сақталады.

Фото: Үкімет