Олжас Бектенов: бизнеске берілетін ұзақ мерзімді кредиттер жетіспейді

Келесі мәселе, мемлекеттік қаржы институттары мен екінші деңгейлі банктер арасындағы бәсекелестік

Malim Админ

  • 04.03.2025

Үкімет басшысы Олжас Бектенов экономиканың нақты секторын қаржыландыру саласындағы бірқатар проблеманы көтерді.

Бизнеске берілетін ұзақ мерзімді кредиттер бойынша жетіспеушілік бар. Банктер қысқа мерзімді әрі тәуекелі аз кредит бергенді дұрыс көреді. Ал экономиканың нақты секторына қолжетімді және ұзақ мерзімді қаржы ресурстары қажет. Келесі мәселе, мемлекеттік қаржы институттары мен екінші деңгейлі банктер арасындағы бәсекелестік. Мемлекеттік даму институттары жобаларға негізінен өздері қаржы бөліп келеді, бұл банктердің нақты секторға деген қызығушылығын төмендетеді, — деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Премьер-министрдің мәлімдеуінше, экономиканың нақты секторын қаржыландыруда басты рөлді екінші деңгейлі банктер атқаруы тиіс. 

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында дәл осы мәселені баса айтқан болатын. Үкімет биыл экономиканың нақты секторындағы жобаларды уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараны қабылдайды. Мемлекеттік кепілдікті қолдану аясын кеңейту, шағын және орта бизнеске арналған кепілдік беру қорын құру, сондай-ақ «Бәйтерек» холдингінің капиталын арттыру жоспарланып отыр. Жалпы, Президент қойған міндеттерді шешу үшін мемлекеттік органдар мен банк секторы үйлесімді әрі нәтижелі жұмыс істеуі керек, — дейді ол.

Фото: Malim.kz 

 

Байланысты жаналықтар

Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

16.04.2025

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

16.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

14.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

14.04.2025
MalimBlocks
Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

Энергетика министрлігі электр энергиясы үшін шекті тарифтерді қайта қарады