Олжас Бектенов ресейлік компанияларды инвестиция құюға шақырды

Соңғы 20 жылда ресейлік инвесторлар 25,2 млрд доллар көлемінде инвестиция салды

Malim Админ

  • 30.01.2025

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинмен кездесуінде ресейлік компанияларды инвестициялық жобаларға белсенді атсалысуға шақырды, - деп хабарлайды Malim.kz. 

Екі ел арасындағы өзара инвестициялар көлемі орнықты түрде артып келеді. Соңғы 20 жылда ресейлік инвесторлар 25,2 млрд доллар көлемінде тікелей инвестиция салды. Ал қазақстандық компаниялар осы кезеңде Ресей экономикасына 8,7 млрд доллар инвестиция бағыттады. Өткен жылдың 9 айында ғана ресейлік инвестициялардың жалпы ағыны 43,7% өсіп, 2 2,8 млрд доллар болды, - деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, Қазақстанда 23 мыңнан астам Ресейдің үлесі бар компания жұмыс істейді.

Бұл шетелдік капиталы бар кәсіпорындардың 40%-ына жуық. Жалпы, біз жаңа өндірістер құруға мүдделіміз. Ресейлік компанияларға Қазақстанда бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға белсенді қатысуды ұсынамыз.

Біз экономикалық ынтымақтастықтың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді бағдарламасын іске асыруда оң нәтижелер көріп отырмыз. Осы тұрғыда біздің жауапты мемлекеттік органдарымыз келесі жылдарға арналған жаңартылған бағдарламаны әзірлеуге кірісуі орынды болып көрінеді, - деді Олжас Бектенов.

Айта кетейік, Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда айналымы 11 айда 24 млрд доллардан асты.

Фото: Ақорда 

 

Байланысты жаналықтар

2026 жылы инфляция 12 пайызға баруы мүмкін

27.02.2025

Банктердің Үкіметке қарызы бір жылда 11,2% - ға өсті

27.02.2025

Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

27.02.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады

26.02.2025

Доллар бағасы құбылып тұр

26.02.2025

Доллар 500 теңгеден төмен түсті

25.02.2025
MalimBlocks
2026 жылы инфляция 12 пайызға баруы мүмкін

Инфляция бір жыл көлемінде сақталады

Банктердің Үкіметке қарызы бір жылда 11,2% - ға өсті

Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыз небәрі 107,2 млрд теңге

Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады

Доллар бағасы құбылып тұр

Доллар 500 теңгеден төмен түсті