Премьер-министрдің кеңесшісі Түркістан облысының өңірлік инвестициялық жобалармен танысты

Malim Админ

  • 25.05.2025

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Ермек Маржықпаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ол Сауран ауданында орналасқан және өңірдегі маңызды инвестициялық жобалар шоғырланған «SPK TURKISTAN» өндірістік паркін аралап көрді.


Іссапарға облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов қатысып, өндірістік аймақтың даму барысымен таныстырды. Ал «СПК «Түркістан» АҚ басқарма төрағасы Данияр Бектұрғанов өндіріс паркі жұмысы туралы жан-жақты баяндап берді.

Кеңесші сапар барысында көкөніс сақтау қоймасының жұмысымен де танысты. Мұнда 3,5 мың тонна көкөніс пен 500 тонна бакалея өнімдерін сақтауға мүмкіндік бар. Қойма Түркістан, Кентау және Арыс қалаларын маусымаралық кезеңде азық-түлікпен қамтамасыз етуге бағытталған.

Сондай-ақ, жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйелерін шығаратын «BNK Group» серіктестігінің өндіріс цехтары көрсетілді. Бұл кәсіпорын америкалық «Nelson Irrigation» компаниясымен бірлесіп, «BNK IRRIGATION» брендімен айналмалы және фронтальды жаңбырлатқыш машиналарды шығарады.

Премьер-министрінің кеңесшісі өндірістік алаңда орналасқан білім беру мекемелеріне арналған жиһаз өндіретін «Aqniet Holding» кәсіпорнының өнімдерімен танысты. Соңғы үш жылда бұл компания 50-ге жуық мектепті қажетті жиһазбен жабдықтаған. Мұнда «Жайлы мектеп» стандартына сәйкес жиһаздар, сондай-ақ «KAZMEDPRIBOR» компаниясымен бірлесіп, медицина мекемелеріне арналған жабдықтар жасалады.

Сапар соңында Ермек Маржықпаев тоңазытқыш және мұздатқыш жабдықтарын өндіретін «Jasyl suyq Qazaqstan» кәсіпорнының өндірістік алаңына барды. Жаңа технологиямен жабдықталған бұл кәсіпорын ішкі нарықты сапалы отандық өніммен қамтамасыз етуге үлес қосып отыр. Бұл іссапар Түркістан облысында жүзеге асырылып жатқан индустриялық жобалардың ауқымын айқындап, мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаудың нақты нәтижесін көрсетті.

Фото: Түркістан облысы әкімдігі 

Байланысты жаналықтар

Түркістанда ауыл шаруашылығының өзекті мәселелері талқыланды

28.05.2025

Түркістан облысында балық шаруашылығын дамытуға басымдық беріліп отыр

27.05.2025

Түркістан облысында балабақшада 24 бала тамақтан уланды

27.05.2025

Нұралхан Көшеров шетел инвесторларымен логистикалық саланы жандандыру бойынша келіссөз жүргізді

26.05.2025

Қазақстанның таулары бар, бірақ туристері жоқ: неге?

20.05.2025

Қазақстанның мемлекеттік қарызы қанша?

20.05.2025
MalimBlocks
Түркістанда ауыл шаруашылығының өзекті мәселелері талқыланды

Түркістан облысында балық шаруашылығын дамытуға басымдық беріліп отыр

Түркістан облысында балабақшада 24 бала тамақтан уланды

Нұралхан Көшеров шетел инвесторларымен логистикалық саланы жандандыру бойынша келіссөз жүргізді

Қазақстанның таулары бар, бірақ туристері жоқ: неге?

Қазақстанның мемлекеттік қарызы қанша?