Қазақстанға қатысты жаңа кредиттік болжам жарияланды

Халықаралық агенттік S&P Global Ratings Қазақстанның қаржылық жағдайына берген бағасын қайта қарап, тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB-» деңгейінде сақтап қалды, деп хабарлайды Malim.kz.
Сонымен бірге рейтинг болжамы «Тұрақтыдан» «Позитивтіге» көтерілді.
Агенттіктің пікірінше, бұл шешім елде жүргізіліп жатқан экономикалық және институционалдық реформалардың нәтижесін көрсетеді. Жаңа Бюджет және Салық кодекстерін қабылдау, қатаң фискалдық ережелерді енгізу мемлекеттік қаржыны нығайтып, бюджет тапшылығын азайтуға ықпал етеді.
Қазақстанның сыртқы борышы төмен деңгейде сақталып отыр, ал Ұлттық қордың активтері мен халықаралық резервтер экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
S&P сарапшылары экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымдық жоспарларды жүзеге асыру және реформалар мұнай кірістеріне тәуелділікті азайтып, өзге салалардан түсетін табысты арттырады деп күтуде. Сондай-ақ агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен басқарудың ашықтығын арттыру бағытындағы шараларды оң бағалады.
Фото: https://t.me/presseconomy

Ең көп оқылған
