Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Malim Админ

  • 09.01.2025

Президентке ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы жөнінде есеп берілді.


Асхат Хасеновтің айтуынша, «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы былтыр 23,8 миллион тонна мұнай және конденсат өндірген. Бұл – 2023 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,3 пайызға артық. Мұнай өндіру деңгейін сақтап тұру үшін Технологиялық сын-қатерлер бағдарламасы іске асырылып жатыр. Жоба әрбір кен орнындағы мұнай өндіруді арттыруда сараланған әдістерді қолдануды қарастырады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қаламқас-теңіз жобасын жобалау басталғаны жөнінде баяндалды. Оның құны құны 6,4 миллиард доллар. Былтыр Торғай Палеозой, Қаратон Подсолевой, Қаражар және Тайсойған ұңғымаларында бұрғылау жұмыстары басталды. Олардың мұнай қоры 800 миллион тоннадан асады.

Мемлекет басшысына былтыр мұнай тасымалдау көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 4 пайызға артып, 83,6 миллион тоннаны құрағаны жайында айтылды.

2024 жылы отандық мұнай өңдеу зауыттарында 17,44 миллион тонна мұнай өңделді. Ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін жеңіл мұнай өнімдері өндірісін 2023 жылмен салыстырғанда 370 мың тоннаға ұлғайту шаралары қабылданды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының айтуынша, «CASPI BITUM» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде битум өндірісін жылына 750 мың тоннаға дейін арттыру бойынша жоба қолға алынды. Полиэтилен өндіретін зауыттың құрылыс жұмыстары басталды. Құны 7,4 миллиард долларға бағаланған кәсіпорын жылына 1 миллион 250 мың тонна өнім шығара алады.

Маңғыстау облысында су тұшыту зауыты салынып жатыр. Бұл кәсіпорын Жаңаөзен қаласының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ қуаты 247 МВт болатын гибридті электр станциясының құрылысы жүргізілуде.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірлердегі әлеуметтік жобаларды іске асыру туралы да баяндалды.

Кездесу соңында Президент геологиялық барлау жүргізуге, ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға және мұнай-газ химиясын дамытуға қатысты жұмысты жүйелі жалғастыруды тапсырды.

Фото: Ақорда 

 

Байланысты жаналықтар

Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

16.04.2025

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

16.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

14.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

14.04.2025
MalimBlocks
Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

Энергетика министрлігі электр энергиясы үшін шекті тарифтерді қайта қарады