Қазақстан 1,13 трлн теңге заңсыз шығарылған актив пен қаржыны қайтарды

Арман Қайыпхан

  • 30.04.2025

2022 жылдан бері "follow the money" қағидаты бойынша жұмыс істеп келе жатқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекетке жалпы сомасы 1,13 трлн теңге болатын активтер мен қаражатты қайтарды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның ішінде 297,5 млрд теңге шетелден – Австрия, Лихтенштейн, Біріккен Араб Әмірліктері және Түркиядан қайтарылған.

Биыл Антикор бірнеше қылмыстық іс бойынша сот процестерін өткізді. Атап айтқанда, 22 сәуірде "Астана Банкі" АҚ директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы және мажоритарлық акционері Олжас Тоқтаров сырттай 10 жылға бас бостандығынан айырылып, 14 млрд теңгеден астам мүлкі тәркіленді.

Тергеу тек ел ішінде емес, шетелде де жүргізілуде. Мәселен, Жетісу облысында білім саласындағы ұрлық ісі бойынша тергеу барысында шетелдік банк деректері табылып, халықаралық қаржы барлау желісі арқылы күдікті мен оның туысына тиесілі есепшоттар мен ақша қозғалысы анықталды. Ақшаны бұғаттау үшін халықаралық тергеу тапсырмасы жолданды.

Антикор мәліметінше, күдіктілер активтерін жиі жақын туыстарының атына рәсімдейді:

  • Шығыс Қазақстанда күдікті көлік пен екі пәтерді жұмыссыз туысына тіркеген;
  • Шымкентте шенеунік әйеліне ұрланған ақшаға электромобиль сатып алған;
  • Астанада мемлекетке 5 млрд теңгеге жуық ақша, зергерлік бұйымдар мен сән-салтанат заттары қайтарылды.

Антикор қызметі заңсыз иемденілген активтерді қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Шетелден қайтарылған ақшаға 89 мектеп салынып жатыр

30.04.2025

Алаяқтар өзін Антикор төрағасы деп таныстырып, жұртты алдаған

30.04.2025

Олигархтардан қайтарылған 1 миллиард теңге қайда жұмсалмақ?

28.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Тоқаев Антикор басшысына бірқатар тапсырма берді

10.04.2025

Екібастұз ТЖД басшысы сотталды

07.04.2025
MalimBlocks
Шетелден қайтарылған ақшаға 89 мектеп салынып жатыр

Алаяқтар өзін Антикор төрағасы деп таныстырып, жұртты алдаған

Олигархтардан қайтарылған 1 миллиард теңге қайда жұмсалмақ?

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Тоқаев Антикор басшысына бірқатар тапсырма берді

Екібастұз ТЖД басшысы сотталды

Екібастұз ТЖД басшысы сотталды