457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстанда жаңа банкнот айналымға шығады

Қазақстан Ұлттық банкі 9 мамырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арнап номиналы 1 мың теңгелік банкнотаны айналымға шығарады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Банкноталардың таралымы - 5 миллион дана. Оның түсі – қоңыр-сарғылт.

Алдыңғы бетінде:

Даңқ мемориалы бейнеленген, Отан үшін жан қиған батырларға көрсетілген құрмет белгісі – 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта орналасқан.

Микро-оптикалық қорғаныс жолағы. Банкнота бұрышын өзгерткен кезде жолақта тереңдіктің, көлемнің және жылтырдың үш өлшемді әсері, сондай-ақ мәңгілік алау мен ұшып бара жатқан тырналар көрінеді. Тырналар силуэті – жақсылық пен үміттің бейнесі – өмірді суреттейді.

Екінші бетінде:

тарихи мұрағаттық фотосуреттердің үзінділерімен Қазақстан картасы бейнеленген. Ерлік, табандылық пен батырлықтың символы ретінде Отан соғысы ордені бейнеленген.

Номиналы 1 000 теңгелік мерейтойлық банкнота өз құнына сай Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлық түрі бойынша қабылданады. Сондай-ақ, банк шотына салуға, Қазақстан Республикасының барлық банкінде аударуға және ұсақталуға міндетті. 

Фото: Ұлттық банк