457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 триллион 394,2 миллиард теңге зейнетақы төленсе, оның 450,8 миллиард теңгесі базалық зейнетақыны төлеуге, 943,4 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақыға бөлінгені хабарланды.

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны - 2 миллион 471 мың адам.

"2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері - 143 400 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 784 теңге, базалық зейнетақы – 47 616 теңге", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2025 жылғы сәуірдегі орташа жалпы зейнетақы 143 622 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы 95 963 теңге, базалық зейнетақы 47 659 теңге болды.

Фото: pixabay.com