«Қонаевта жер қытайларға берілген»: әкімдік түсіндірді

Арман Қайыпхан

  • 26.06.2024

Бұған дейін әлеуметтік желіде Қонаев қаласында жалпы аумағы 7.12 га болатын жер қытайлықтарға берілді деген ақпарат тарады. Жергілікті әкімдік жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Тарқатып айтсақ, «Жібек жолы» ЖШС №8 жағажайды абаттандыру жобасын қолға алып, инвестиция құймақ ниетте. Бұл жердің көлемі 7.9 гектарды құрайды. 

Дәл сол жағажайдың қасындағы 7.12 аумақты алып жатқан жер, яғни, №7 жағажайдың бір бөлігі инвест жобаның құрамына кіріп отыр. 

Жалпы аумағы 15 га жағалау аттракциондар паркіне айналмақ.
Қазіргі таңда №7 қалалық жағажайда 40-тан астам кәсіпкер қызмет етуде. 

Олар дәмхана, тапшан, шатырларды мемлекеттен жалға алып отыр. Мұндағы 2 бизнес орыны аталған инвестжобаның құрамына енді. 

Кәсіпкерлер биылғы шомылу маусымы біткенше жұмыс жасайды. Қазіргі таңда қос тарапқа оңтайлы шешім шығару бағытындағы жұмыс жүріп жатыр. 

Мысалы, бүгін Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов кәсіпкерлермен кездесіп, мән-жайды түсіндірді. 

Қаланың бекітілген Бас жоспарына сәйкес, шаһардағы 9 жағажайды да абаттандыру көзделіп отыр. Биыл заманауи стильде жасалған №5 жағажай қолданысқа берілді.

Фото: ашық дереккөз

Байланысты жаналықтар

Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

16.04.2025

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

16.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

14.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

14.04.2025
MalimBlocks
Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

Энергетика министрлігі электр энергиясы үшін шекті тарифтерді қайта қарады