Smart Data Ukimet шашыраңқы ақпараттарды біріктіріп, жүйелейді

Үкіметте жаңа платформаның жұмысы таныстырылды

Мәди Саматұлы

  • 26.10.2024

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының отандық кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларының ашықтығы мен тиімділігін арттыруға қатысты тапсырмаларын орындау мәселесі бойынша жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Үкімет баспасөз қызметінің жазуынша, негізгі міндет – мемлекеттік сатып алулар мен мемлекеттік қолдау шараларына басым қолжетімділігі бар кәсіпкерлік субъектілерін санаттарға бөлі әдіснамасын цифрландыру. Бұл ретте мемлекеттік қолдау алатын кәсіпкерлік субъектілерінің өзара міндеттемелерін қажет. Өнім сапасы, еліміздегі өндірісті локализациялауға және қазақстандық қамту үлесі, сондай-ақ кәсіпорынның өңір мен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына одан әрі қосқан үлесіне баса назар аударылып отыр. Цифрлық формат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және адами фактордың әсерін жоюға мүмкіндік береді.

Бүгінде Үкімет мемлекеттік қолдау шараларының өнеркәсіп саласын дамытуға әсерін кеңейтілген талдау жүргізіледі. Жаңа ақпараттық платформа кәсіпкерлік белсенділік бойынша деректерді мемлекеттік қолдау шараларын алғанға дейін және одан кейін динамикада көрсетеді.

Платформада отандық кәсіпорындар, олардың жүктемесі, шығарылатын өнімдер, сыртқы сауда қызметі, қызметкерлер саны, сондай-ақ олармен жасалған шарттар, оның ішінде ұзақ мерзімді және офтейк-келісімшарттар туралы деректер бар. Жүйе мемлекеттік органдарға проактивті форматта талдау, мониторинг жүргізуге және бизнеске уақтылы қолдау көрсету үшін басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев 2 мыңнан астам отандық кәсіпорынның деректер жүйесіне жүктелгені туралы баяндады, отандық өнімді әлеуетті сатып алушылар саналатын реттелетін сатып алу субъектілері — компаниялар туралы мәліметтер бар, сондай-ақ, жер қойнауын пайдаланушылар мен бизнес арасында жасалған ұзақмерзімді шарттар туралы ақпарат жүктелген.

Smart Data Ukimet ақпараттық-талдау жүйесі негізінде әзірленген платформа бұрын шашыраңқы ақпараттық жүйелерден алынған деректерді біріктіреді және жүйелейді. Ол қаржы, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктерінің, СК-Фармация, «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС, электрондық сатып алулар, квазимемлекеттік сектордың (Mitwork) және жер қойнауын пайдаланушылардың (NadLock) реттелетін сатып алуларының базаларымен толық интеграцияланған. Сонымен қатар, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен «Бәйтерек» холдингінің қазақстандық кәсіпорындарға көрсетілетін қолдау шаралары туралы деректері жүктелді. Ақпаратты жаңарту онлайн режимінде жүзеге асырылады.

Фото: Үкімет

Байланысты жаналықтар

Олжас Бектенов NU және НЗМ Жоғары қамқоршылық кеңесінің отырысын өткізді

02.12.2024

Олжас Бектенов Астанадағы өнеркәсіп жұмыстарымен танысты

29.11.2024

Қайтарылған актив: Риддерде аурухана салынады

20.11.2024

Президент тапсырмасы бойынша Қызылордада «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа терминалы ашылды

12.11.2024

Премьер-министр Олжас Бектенов өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтуді тапсырды

12.11.2024

Үйі жоқ барлық азамат кезекке тұра алады

11.11.2024
MalimBlocks
Олжас Бектенов NU және НЗМ Жоғары қамқоршылық кеңесінің отырысын өткізді

Үздік рейтингке кіру үшін NU білім беру сапасы мен тиімділігін арттыру бойынша тәсілдер айтылды

Олжас Бектенов Астанадағы өнеркәсіп жұмыстарымен танысты

Премьер-министр Олжас Бектенов Астана қаласы кәсіпорындарында металлургия, жеңіл және құрылыс өнеркәсібі, автомобиль және теміржол машинасын жасау салаларының дамуымен танысты.

Қайтарылған актив: Риддерде аурухана салынады

Үкімет 2021 жылы басталған аурухана кешенінің құрылысын аяқтау үшін қаражат бөлу туралы шешім қабылдады

Президент тапсырмасы бойынша Қызылордада «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа терминалы ашылды

Жаңа терминал әуе айлағының өткізу мүмкіндігін 7 есеге – жылына 300 мыңнан 2 млн жолаушыға дейін арттырады

Премьер-министр Олжас Бектенов өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтуді тапсырды

Үкімет отырысы барысында одан әрі пайдалануға жарамсыз тұрмыстық баллондарды қолданыстан шығару және утилизациялау мәселесін шешу қажеттігі атап өтілді

Үйі жоқ барлық азамат кезекке тұра алады

Үй беру азаматтың табысы мен мәртебесіне сәйкес жүргізіледі