457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алкогольді өнімдерге байланысты 107 000 құқық бұзушылыққа тосқауыл қойылды

Үкімет пен Iшкi icтep министрлігі алкогольді ішімдіктер сатылымына бақылауды жіті назарға алып отыр. Жақында Үкіметке қарасты құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша ведомствоаралық комиссияның жиынында осы өзекті мәселе қаралды.


Iшкi icтep министрі Ержан Сапарбекұлының айтуынша, көпшілік орындарда ішімдік тұтынуға байланысты 107 000 құқық бұзушылыққа тосқауыл қойылған.   Ал 11 000 тұрғынға арақ-шарап ішуге заңмен тыйым салынып отыр.  Қазір 400-ден астам ауыл тұрғыны ащы суды сатудан бас тартқан.

Маскүнемдіктің тамыр жаймауы үшін кешенді жұмыстар жалғасын таба бермек.  2025 жылы полиция қызметкерлері тыңғылықты әрекет етудің нәтижесінде 7 000-ға тарта заң бұзушылыққа тоқтау салған. Ал ішімдік айналымына қатысы бар кәсіпкерлер жазаға тартылып, 370 миллион теңге көлемінде айыппұл арқалады. Арақ-шарапты нарыққа шығарумен айналысқан 2200-ден астам мекеме сату құқығынан айырылып отыр.

Алайда, қулығына құрық бойламайтын кей кәсіпкерлер жауапты мамандарды алдап келе жатқаны жасырын емес. Олар лицензияны бөгде адамдардың иелігіне жазып отыр. Өзге мекемелердің де атын жамылатындар жетіп артылады. Сөйтіп олар 24 сағат бойы ащы суды ақшаға айналдырудан тайынбайтынын көрсетті.

Жиын соңында комиссия мүшелері бірнеше ұсыныспен тарқасты. Енді лицензия берер кезде талап қатаңдатылады.  Ішімдік атаулы тек шектеулі дүкендерде ғана сатылуға тиісті.

Осы ыңғайда айта кету керек, қазір бірнеше аймақ тұрғындары арақ-шараптан бас тартып, дүкен егелері оны сатпаймыз деген бекімге келген. Жақында Ұлытау облысы бойынша 15 елді мекен осындай таңдау жасап, игі бастаманы жүзеге асырды.  Оңтүстік өңірде де оң үрдіс жолға қойылған. Мәселен, Түркістан облысына қарайтын 70-ке жуық ауыл тұрғыны зиянды әдеттен тыйылған. Бұл қатарға Төле би ауданындағы Тағайна, Зағамбар және Алғабас елдімекендері де қосылып үлгерді. 

Ауыл тұрғындарының пікір-пайымынша, алкогольді сусындардан бойды аулақ ұстау жеке адамның саулығына емес, тұтас қоғамды ізгілендіруге оң серпін береді. Ішімдікті дүкен сөрелерінен алып тастаған жерлерде қылмыс атаулы, бұзақылық сияқты жөнсіз әрекеттер сап тыйылған. Тұрғындардың тәртібі де едәуір жақсарып қалғанын байқаймыз. Жасөспірімдердің, орта буын өкілдерінің саламатты өмір салтына құштарлығы арта түсіп, білімге, жаңашылдыққа ынта-зейіні артқан. 

Осындай нәтижеге полиция қызметкерлері рейдтерінің жүйелі жүргізілуі әсер-ықпалын тигізіп отырғаны айқын. Қатаң заң мен темірдей бекем тәртіп орнатуға бағыт алған мемлекетте ғана  осы іспетті сапалы өзгерістер іске асырылатыны даусыз.  

Фото:  gazeteoksijen.com