Шымкенттің инвестициялық тартымдылығы артып келеді

2023 жылдың қорытындысы бойынша қала экономикасына 661,7 млрд теңге инвестиция тартылып, өнеркәсіптік кәсіпорындар шығарған өнім көлемі алғаш рет 1 трлн теңгеден асты

Мадина Қайнарова

  • 21.10.2024

Шымкент шаһары экономикаға тартылған инвестиция көлемінің артуы бойынша республикада алдыңғы қатарда тұр.

– Аймаққа жеке инвестиция тарту әкімдердің ең басты міндетінің бірі болуы керек. Барлық мемлекеттік орган ел экономикасына мейлінше көбірек инвестиция тартуға баса мән беруге тиіс. Бұл – негізгі басымдық, олардың жұмысы да соған сәйкес бағалануы керек, – деген еді Мемлекет басшысы.

Шымкент әкімі президенттің тапсырмасын орындау мақсатында мегаполис экономикасына инвестиция тарту үшін тиімді шаралар қабылдап жатыр. Мұнда бизнес үшін жасалған жағдайлар отандық және шетелдік инвесторларды тартуға септігін тигізеді. Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шараларының арқасында жыл сайын жаңа өндірістер ашылып, жұмыс орындары көбейіп келеді. 2023 жылдың қорытындысы бойынша қала экономикасына 661,7 млрд теңге инвестиция тартылып, өнеркәсіптік кәсіпорындар шығарған өнім көлемі алғаш рет 1 трлн теңгеден асты. Ал 2024 жылдың алғашқы 5 айында ғана қалаға 203,7 млрд теңге инвестиция тартылған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,4%-ға артық. Инвестициялардың жалпы көлемінен: 29,5 млрд теңге — мемлекеттік бюджеттен қаражат, ал 174,2 млрд теңге — жеке инвестициялар.

Биыл қала билігі  928,7 млрд теңге инвестиция тартуды көздеп отыр, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 28,2%-ға артық. Осы мақсатқа жету үшін қазір бірқатар шаралар жүзеге асырылып жатыр:

Жалпы сомасы 2,7 трлн теңгеге 220 инвестициялық жобаның пулы құрылды;

2024 жылы құны 262 млрд теңге болатын 64 жобаны іске асыру жоспарланған;

Өңдеу өнеркәсібінде 2024-2028 жылдар аралығында 532 млрд теңге сомасына 114 жоба іске асырыламақ.

Бұл жобалар жүзеге асырылса, 30 000-нан астам жаңа жұмыс орындары құрылады, қала экономикасы әртараптандырылады және халықтың өмір сүру деңгейі артады.

Шымкенттің инвестициялық тартымдылығының негізгі факторларының бірі - дамыған индустриялық аймақтардың болуы.

Қазіргі уақытта қалада бес өнеркәсіптік аймақ жұмыс істейді. Олар:

«Жұлдыз» (306 га): 126,7 млрд теңгеге 35 жоба (3230 жаңа жұмыс орны);

«Тассай» (514 га): 50,7 млрд теңгеге 43 жоба (2600 жаңа жұмыс орны);

«Оңтүстік» (159 га): 101,4 млрд теңгеге 96 жоба (3000 жаңа жұмыс орны);

«Ордабасы» (40 га): 14,3 млрд теңгеге 26 жоба (570 жаңа жұмыс орны);

«Шымкент-Агро» (50 га): 37,5 млрд теңгеге 44 жоба (1200 жаңа жұмыс орны).

2024 жылы осы аймақтардың әрқайсысында жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр.

Биыл жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобаларға тоқталып өтсек.  

Қыркүйек айында «Жұлдыз» индустриалды аймағында ірі инвестициялық жобаның бірінші кезеңі – керамикалық плиталар шығаратын зауыт іске қосылды.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың айтуынша, бұл ауқымды зауыт Орталық Азиядағы құрылыс индустриясындағы ең ірі жобалардың біріне айналады.

- Мемлекет басшысының инвестиция тарту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында бұл жоба барлық кезеңдерде жан-жақты қолдауға ие болды. Зауыттың ашылуы ішкі нарықты отандық құрылыс материалдарымен, яғни керамикалық плиталармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деді шаһар басшысы.

Айта кету керек, инвестициялық жобаның құны - 25,5 млрд теңге, ал оның жалпы аумағы 32 гектарды құрайды. Кәсіпорында 350 жұмыс орны ашылды. Зауыттың құрылысы өткен жылы басталып, мұнда заманауи технологиялық қондырғылар орнатылған, өндіріс барынша қауіпсіз әрі экологиялық таза болады.

Бірінші кезеңді іске қосу аясында кәсіпорын жыл сайын 12,7 млн шаршы метр өнім шығаруды көздеп отыр. Екінші кезең іске қосылғаннан кейін өндірістік қуаттылық екі есеге - 25,4 млн шаршы метрге дейін артады, тағы 350-ден астам қосымша жұмыс орны ашылады.

Тағы бір ірі инвестициялық жоба - сауда-логистикалық орталық аумағында «Coca-Cola Kazakhstan» сусын өндіру зауытының ашылуы.

- Инвестициялық климатты жақсарту - мегаполистің дамуындағы негізгі бағыттардың бірі. Біз үшін әрбір инвестициялық жоба маңызды, сондықтан әлеуетті инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге қашанда дайынбыз, – деді Ғ. Сыздықбеков.

Жобаның құны - 27 млрд теңге, ал жылдық өндірістік қуаты – 283 млн литр өнім. Кәсіпорын 150-ден астам адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Компанияның өнім ассортиментіне газдалған және газдалмаған сусындар, салқын шай және әртүрлі көлемдегі шырындар бар.

Сонымен қатар, 24-26 маусымда Қытай Халық Республикасының Сиань және Үрімші қалаларына кәсіпкерлер мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдерінен тұратын Шымкент делегациясының іскерлік сапары қала экономикасына шетелдік инвестицияларды тартуда және шетелдік инвесторлармен сауда-экономикалық өзара іс-қимылды дамытуда оң нәтиже берді. Ресми сапардың қорытындысы бойынша Шымкент пен Қытай компаниялары арасында жалпы сомасы 17,6 миллион АҚШ долларына келісімдер жасалып, бірқатар құжаттарға қол қойылды.

Атап айтқанда, «Инвест Шымкент» ЖШС мен «Қытай-Қазақстан кәсіпорындары Альянсы комитетінің тобы» арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум; «КазФерроГрупп» ЖШС және «Шаньси Хейнань жаңа металлургиялық электр жабдықтары компаниясы». ЛТП компаниясы арасындағы ферроқорытпа пешін сатып алу туралы келісім (16,3 млн АҚШ доллары); «JT Food Expert» және «Xi' an gang Tong Tian Xia Dian zi Shang Wu You Xian Gong Si» компаниялары арасында тамақтану саласында бірлескен кәсіпорын құру туралы келісім; өсімдік майын сату бойынша «Қазбиотех» ЖШС және «Алашанькоу қалалық сауда компаниясы Haoyu». Ltd» (1,3 млн АҚШ доллары).

Фото: @gabit_syzdykbekov

Байланысты жаналықтар

Атырау облысында жалпы ішкі өнім 6,7 трлн теңгеге жетті

03.12.2024

Қияр мен қызанақ бағасы 40 пайызға қымбаттады

03.12.2024

Көмірсутектер саласындағы геологиялық барлауға $82,5 млн инвестицияланды

03.12.2024

2025 жылы кімдердің жалақысы өсетіні белгілі болды

02.12.2024

Бізді дефолт күтіп тұр ма? Министр Байбазаров не дейді?

02.12.2024

Күн райы. Синоптиктер ескерту жасайды

02.12.2024
MalimBlocks
Атырау облысында жалпы ішкі өнім 6,7 трлн теңгеге жетті

Жалпы құны 46,1 миллиард теңгеден асатын 8 жоба іске қосылды

Қияр мен қызанақ бағасы 40 пайызға қымбаттады

Азық-түлік тауарларының бағасы – 1,1%, ақылы қызметтер – 0,8%, азық-түлік емес тауарлар 0,7% өсті

Көмірсутектер саласындағы геологиялық барлауға $82,5 млн инвестицияланды

Биыл 2 электронды аукцион өткізіліп, 15 учаске іске асырылды

2025 жылы кімдердің жалақысы өсетіні белгілі болды

Бізді дефолт күтіп тұр ма? Министр Байбазаров не дейді?

Еліміздің құрылыс материалдары мен құрал-жабдықтарға тәуелділігі бар

Күн райы. Синоптиктер ескерту жасайды

Бірнеше өңірде тұман түседі