Тамақ өндірісі көрсеткіші өсіп келеді

Malim Админ

  • 12.05.2021

2021 жылдың бірінші жартысына да таяп қалдық. Осы уақыт ішінде қандай жетістіктерге қол жетті? Әсіресе, экономикамыздың жетекші саласы ауыл шаруашылығы бойынша. Осы салаға жауапты ауыл шаруашлығы министрі Сапархан Омаров жыл басынан бергі төрт ай ішіндегі көрсеткіштерді мәлімдеді. Үкімет отырысында министр айтқан циярларға көз салсақ, ауылшаруаылығы өнімінің жалпы көлемі 3 пайызға артып, жалпы сомасы 831,2 миллиард теңгеге жеткен.

Бір қарағанда, бұлай болмас жөні де жоқ. Себебі, соңғы жылдардағы мемлекеттік саясаттың, экономикалық бағыттың басым бөлігі осы ауыл шаруашылығына күш салып отыр. Мәселен, фермерлердің несиесін кепілдендіру жолға қойылып жатыр, субсидиялау шарттары жеңілдетіліп, көлемі артып келеді, кәсіпкерлерді жөнсіз тексеруге тыйым салынды, жерім жоқ немесе егістігім тар деп жүргендер үшін де даңа мүмкіндік – латифундистердің пайдаланылмай жатқан жерлерін үкіметке қайтарып, оны қайта бөлу жұмыстары қолға алынды, осының бәрі ауыл шаруашылығы бағытына оң ықпал етпей тұрмайды. Сонымен, биылғы жетістіктер қандай?

 «Осы жылдың төрт айында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 3% ұлғайып, 831,2 млрд теңгені құрады. Бұл өсім негізінен мал шаруашылығындағы өндіріс көлемінің 3,2% ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. Мәселен, ет өндіру көлемі тірілей салмақта 5,3%, сүт 3,4% өсті. 44,8 млрд теңгеге өсімдік шаруашылығы өндіріліп, жоспар 100% орындалды», - деді министр Сапархан Омаров.

Былтырғымен салыстырғанда және биылғы межелеген көрсеткіштерді күткен межеден асыра орындап отырған төр облыс бар. Біріншісі, астықты аймақ Ақмола облысы. Бұл аймақтың фермерлері өнім өндіруді 114 пайыз артығымен орындаған. Одан кейінгі орында 104,5 пайыздық көрсеткішпен ең үлкен облыс Қарағанды тұр. Үшінші орында тұрған Павлодардың көрсеткіші де осыған жетеғабыл – 104,1 пайыз. Өнімді 100 пайыздан асырған облыстардың ішінде Жамбыл облысы да бар, ол 103,1 пайыз көрсеткіш көрсетіп отыр.

Ауыл шаруашылығы министрі үкімет отырысында тамақ қндірісі жайлы да айтып өтті. Оның сөзіне қарағанда, биыл тамақ өнімдері өндірісіне салынған инвестиция 37,3 пайызға көбейген. Демек, биыл тамақ қндірісіне үлкен мән беріліп жатыр дегенді білдіреді бұл. Осының есебінен, төрт ай ішіндегі көрсеткіш – тамақ өнідірісі көлемі де өскен. Жоғарыда келтріліген инвестиция көлемін есепке алсақ, бұл өсім жыл соңына дейін еселеп артады деп күтуге болады. Жалпы, ау

«Ал тамақ өндіру көлемі 3,9% өсті. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 66,1% ұлғайса, тамақ өнімдері өндірісіне салынған инвестиция 37,3% артты», - деді ведомство басшысы.

Демек, бұл өзгерістерге қарап, алдағы уақытта тамақ өндірісі күш алатынын, бұл саладағы кәсіпкерлік дами түседі деп күтуге болады. Бұл бір жағынан алғанда, фермерлердің өнімін сыртқа шикізат күйінде шығармай, ішкі нарыққа өткізіп, ел бюджетіне қыруар қаржы түсіруге мүмкіндік береді. Оның үстіне, соңғы кездері ішкі нарықты жандандыру, өнімдерді шикізат күйінде емес, өңделген қалыпта экспорттау мәселесі жиі қозғалып жүр. Жоғарыда аталған жетістіктер осы бастамаға қосылған үлес деп айтуға толықтай негіз бар.

Байланысты жаналықтар

Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

16.04.2025

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

16.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

14.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

14.04.2025
MalimBlocks
Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

Энергетика министрлігі электр энергиясы үшін шекті тарифтерді қайта қарады