Үкімет ШҚО-дағы респиратор зауытын қайта жаңғыртпақ

Malim Админ

  • 24.02.2025

Премьер-министр Олжас Бектенов Мәжіліс депутаттарының сауалына жолдаған жауапта Шығыс Қазақстан облысындағы респиратор шығаратын зауытты қайта жандандырудың ұсыныстары әзірленіп жатқанын мәлім етті.


Депутаттық сауалда Риддер және Алтай қалаларының маңындағы қорғасын мен мырыш өндіретін кеніштердің сарқылып бара жатқаны мәселе етіп көтерілген.

Риддер және Алтай қалаларының маңында мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына енгізілген аумақтың ауданы 8 675,359 шаршы шақырым болады (Риддер қ. – 1832,626 шаршы шақырым; Алтай қ. – 6842,733 шаршы шақырым). ШҚО-ның минералдық-шикізат базасын толықтыру үшін 2020 жылдан 2024 жылға дейін мемлекеттік геологиялық зерттеулер жүргізілді. Осылайша «Восточно-Старковский» телімінде (Риддерден 22 шақырым жерде) 8 мың тонна мыс, 4 мың тонна қорғасын, 27,2 мың тонна мырыш бар деп болжанып отыр. Ал Алтай қаласынан 264,4 шақырым жердегі «Миролюбовский» телімінен 619,5 тонна вольфрам, «Кунеой» телімінен (Алтай қ. 109 шақырым жерде) берилидің 20,6 мың тонна қоры бар деп бағаланған, - деп жазылған жауапта.

Премьер-министр Алтай ауданындағы Серебрянск қаласын дамыту үшін сондағы қала құраушы кәсіпорынды қайта жандандыру жоспарда бар екенін айтады.

Биылғы қаңтар айында «Ертіс» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының делегациясы Қарағанды облысының Саран қаласындағы индустриялық аймаққа барып, аймақтың даму барысымен танысты. Бүгінгі таңда Алтай ауданындағы Серебрянск қаласын дамыту жөніндегі ұсыныстар әзірленіп жатыр. Яғни, Серебрянск органикалық емес өндірістер зауытын қайта жандандыру жоспарда бар, - деп жазады Олжас Бектенов.

Аталған зауыт тәуелсіздік жылдарында респиратор мен өндірістік ауа сүзгілерін шығарған. Ал кеңес заманында танк пен бронды техниканың сүзгілерін өндірді. Ал Чернобыль атом стансасындағы апаттан кейін газға қарсы тұмылдырық пен респиратор шығаруға көшкен. Кеңес билігі құлағаннан кейін зауыт Қорғаныс министрлігіне бағынышты акционерлік қоғам болып тіркелді. Кейін жекешелендіріліп, қолдан-қолға өтті. Ашық дерек көздерінде зауыт иелерінің ішінде Мұхтар Әблязовтің де болғаны айтылады. 2010 жылы кәсіпорын Проблемалық кредит қорына өтті. Содан бері зауыт бірде жұмыс істеп, бірде тоқтап тұр. Ашық дерек көздеріндегі мәлімет бойынша 2024 жылы кәсіпорын 33 296 теңге салық төлеген.

Фото: ortcom.kz

 

Байланысты жаналықтар

Доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

24.02.2025

Қазақстанда ақша айырбастау ережелері өзгерді

21.02.2025

Елімізде зейнетақы мен жалақы өседі

21.02.2025

Бюджетке 135 млрд теңге қайтарылды: Президент Әлихан Смайыловты қабылдады

21.02.2025

Үкімет өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай жұмыс атқарады?

21.02.2025

Доллардың бүгінгі бағасы белгілі болды

21.02.2025
MalimBlocks
Доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Қазақстанда ақша айырбастау ережелері өзгерді

Елімізде зейнетақы мен жалақы өседі

Бюджетке 135 млрд теңге қайтарылды: Президент Әлихан Смайыловты қабылдады

Үкімет өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай жұмыс атқарады?

Кеңеске еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, сондай-ақ цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлері қатысты

Доллардың бүгінгі бағасы белгілі болды