Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізуге 5,2 млрд теңге бөлінді

Санақ 18 жыл бұрын өткізілген

Malim Админ

  • 05.03.2025

Биыл елімізде араға 18 жыл салып ауыл шаруашылығы санағы өтеді. Санақты өткізуге 5,2 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.  

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 26 сәуірдегі тапсырмасына және Үкіметтің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №1248 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын 2025 жылы 1 тамыз бен 20 қазан аралығында өткізу туралы шешім қабылданды. Премьер-Министрдің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №201-ө Өкімімен Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын дайындауға және өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқау беру мәселелерін шешу жөніндегі Арнайы комиссия құрылды. Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу үшін 5 247,0 млн теңге сомасында қаражат бөлінді, - делінген жауапта.

Санақ субъектілеріне заңды тұлғалар және олардың құрылымдық не оқшауланған бөлімшелері, дара кәсіпкерлер, оның ішінде мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және балық шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын шаруа қожалықтары жатады. Сондай-ақ жеке шаруашылығын жүргізуге арналған жер учаскелері (саяжай, бақша, көкөніс учаскелері) және ауыл шаруашылығы үй жануарлары бар үй шаруашылықтары да енеді.

Атап айтқанда жер және егістік алқабы, ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың саны, ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтары, мал шаруашылығы кешендері мен құс фабрикалары, өндірістік ғимараттар мен ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарды ұстауға арналған үй-жайлар, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға арналған ғимараттар мен құрылыстар саналады.

Былтыр бюро санақ парақтарын, ақпараттық жүйелерді сынақтан өткізіп, ұйымдастыру жұмысының деңгейін бағалау үшін 54 елді мекенде пилоттық ауыл шаруашылығы санағын өткізді. Соның арқасында кемшін тұстар мен күшейтуді қажет ететін бағыттар анықталған.

— Биыл дайындық шеңберінде біз құқықтық, әдістемелік, ұйымдастырушылық, технологиялық және материалдық-техникалық сипаттағы кешенді шараларды қолға алып жатырмыз. Бүгінде аймақтарда ауыл шаруашылығы санағын ұйымдастыру үшін қажет бөлімдердің құрылымы бекітіліп, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары әзірленді. Үй-үйді аралап сұрау жүргізетін қызметкерлерді жұмысқа алу тәртібі пысықталып жатыр. Жалпы, ауыл шаруашылығы санағын өткізу үшін 4,6 мыңнан астам санақ персоналы тартылады. Олардың барлығымен тиісті еңбек шарттары және қызмет көрсету келісімдері жасалады, - деп хабарлады ведомстводан.

Коллаж:  Kazinform/Freepik/Pexels

 

 

Байланысты жаналықтар

Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

16.04.2025

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

16.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

14.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

14.04.2025
MalimBlocks
Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

Энергетика министрлігі электр энергиясы үшін шекті тарифтерді қайта қарады