Ұлттық қордан балаларға 100 доллардан көп ақша түсті

Арман Қайыпхан

  • 30.01.2025

Қазақстан Ұлттық Банкі "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша 18 жасқа дейінгі балалардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) шоттарына кезекті қаржы аударылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бағдарлама аясында әр балаға 129,38 АҚШ доллары (қазіргі курспен 66 673 теңге) бөлінді. Барлық қатысушыға төленген жалпы сома – 888,8 млн АҚШ доллары. 2024 жылдың аяғында бағдарламаға қатысушы бала саны 6 921 035 болды.

Еске салайық, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясындағы алғашқы төлемдер 2024 жылы жүргізілген еді. Ол кезде әр балаға 100,52 АҚШ доллары бөлінген. Бұл қаражат – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18 жасқа толмаған балаларға аударатын міндеттемесі.

Жыл сайынғы аударым мөлшері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтеріне және оның ұзақмерзімді инвестициялық табысына байланысты болады. Қаражаттың жартысы осы табыстан бөлінеді.
Сонымен қатар, балалардың шотына аударылған қаражат Ұлттық қордың инвестициялық портфелінде сақталып, қосымша табыс әкеледі.

Бағдарлама іске қосылған екі жыл ішінде әр балаға жалпы 232,94 АҚШ доллары жинақталды. 2025 жылғы 31 қаңтарда осы ақпаратты eGov mobile мобильді қосымшасынан және kids.enpf.kz сайтынан алуға болады.

Байланысты жаналықтар

Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

16.04.2025

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

16.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

14.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

14.04.2025
MalimBlocks
Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

Энергетика министрлігі электр энергиясы үшін шекті тарифтерді қайта қарады