Ұлттық қордан бөлінетін қаржы еселеп қайтады

Malim Админ

  • 25.08.2020

Еліміздегі бюджет саясатының басты тірегінің бірі – Ұлттық қор екені белгілі. Осы қор қиын-қыстау кезде тиісті салаларға жұмсалып отыруға тиіс. Әрине, оны сақтау да аса маңызды. Дегенмен, биылғыдай әлемдік дағдарыс кезінде ел экономикасы мен әлеуметтік салаларды тұралатып алмау да маңызды. Сол себепті, Ұлттық қордың бір іске қосылатын кезі осы кез. Оның үстіне, Қазақстан азаматтарының да ұнжырғасы түсіп кетпеуін ойламай болмайды. Жұмысынан қысқарған, кәсібі тоқтаған, табысынан айрылған азаматтарға қаржылық қолдау қалай да керек.

Ұлттық қордан бөлінетін кепілдендірілген трансферт алдағы үш жылда әлеуметтік міндеттемелерді қаржыландыруға бағытталмақ. Бұл жайында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты. Ол үкімет отырысында премьер-министр Асқар Маминге берген есебінде 7 триллион теңгеден астам нысаналы трансферт бөлінетінін хабарлады.

«Ұлттық қордан 2021-2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заң жобасы және 2021 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы жарлық жобасы ұсынылады. Кепілдендірілген трансфертті 2021 жылы – 2,7 трлн теңге, 2022 жылы – 2,4 трлн теңге және 2023 жылы – 2,2 трлн теңге мөлшерінде айқындау ұсынылып отыр. Кепілдендірілген трансфертті әлеуметтік міндеттемелерді қаржыландыруға бағыттасау ұсынылады», - дейді министр.

Министрдің сөзіне қарағанда, 2021 жылы даму бағдарламаларын қаржыландыруға жіті мән беріледі. Мәселен, Ұлттық қордан бөлінетін қаржының 1 триллионы келесі жылы осы бағытқа жұмсалмақ. Макроэкономикаға, нәтижелі жұмыспен қамтуға да көңіл бөлінеді. Осының нәтижесінде, қолдауға ие болған салалар бюджетке қайтадан кіріс әкеле бастауға тиіс. Ведомство бұл түсімдерді есептеп те қойыпты.

«Болжам бойынша түсімдер 2021 жылы 11,4 трлн теңге, 2022 жылы – 11,8 трлн теңге, 2023 жылы – 12 трлн теңгені құрайды. Республикалық бюджеттің шығыстары 2021 жылы 14 трлн теңге, 2022-2023 жылдары – 13,9 трлн теңге көлемінде болжануда. Жалпы, әлеуметтік-экономикалық даму болжамы макроэкономикалық тұрақтылықты сақтауға, нәтижелі жұмыспен қамтуға, сонымен қатар ұлттық экономиканы тұрақты және сапалы дамытуға бағытталған», - дейді Дәленов.

Байланысты жаналықтар

Доллар бағасы сәл арзандады

18.04.2025

Үкіметте көлік және темір жолдарды дамыту жөніндегі инвестициялық жобалар қаралды

18.04.2025

Екінші деңгейлі банктер 650,9 млрд теңге қарызын қайтармаған

18.04.2025

Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

17.04.2025

ШҚО әкімі Ұлан ауданының ірі агро нысандарын аралады

17.04.2025

Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

16.04.2025
MalimBlocks
Доллар бағасы сәл арзандады

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 524 теңгеден сатылып жатыр

Үкіметте көлік және темір жолдарды дамыту жөніндегі инвестициялық жобалар қаралды

Екінші деңгейлі банктер 650,9 млрд теңге қарызын қайтармаған

Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

Ұлттық банк азаматтарға алаяқтар банктің ресми бланкісін қолданып, жалған құжат ұсынып жатқанын айтты

ШҚО әкімі Ұлан ауданының ірі агро нысандарын аралады

Кәсіпорынның материалдық-техникалық базасында 9 жүк көлігі мен 21 трактор бар

Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?