Валютаны сатып алу/сату кезінде ауытқу шегі қайта енгізіледі
Долларға 7 теңге және еуроға 10 теңгеден аспауы керек

Ұлттық банк қайтадан валюталарды айырбастау пункттері арқылы сатып алу мен сату бағамдарының ауытқу шегін белгіледі. Ақша айырбастау пункттері доллар үшін 7 теңге және еуро үшін 10 теңгеден аспауы керек. Бұл туралы Чёрный лебедь, рак и щука телеграм арнасы жазды, деп хабарлайды Malim.kz.
Ұсынылып отырған өзгерістер ең алдымен валюталық нарықтағы спекулятивті әрекеттерді азайтуға және қаржы нарығына қатысушылардың тәуекелдерін болдырмауға бағытталған. Бұл ереже 2020 жылдың 16 шілдесінен 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін күшінде болған еді.
Шектеулер қолма-қол емес айырбастау операцияларына әсер етпейді.
Сейсенбі күні таңертең бір доллар 530,87 теңгеге саудаланды, бұл жақын күндердегі ең төменгі деңгей.
Өткен жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында халық 1,72 трлн теңгеге доллар және 188,89 млрд теңгеге еуро сатып алған.
Ұлттық банк жүргізген сауалнама нәтижелеріне қарағанда, желтоқсанда респонденттердің 37,4%-ы қаржыларын доллармен, 11,9%-ы еуромен сақтаған. Өткен жылдың басында халықтың 29%-ы долларды, 9,8%-ы еуроны таңдаған болатын.
Фото: Жансерік Күзембай/Malim.kz