Жалға берілген үйді кімдер жекешелендіріп ала алады? Министр жауабы
Осының арқасында 50 мыңнан астам азамат үйлі болады
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жалға берілген тұрғын үйді жекешелендіру саясатының арқылы 50 мың азамат баспаналы болатынын айтты.
— Тұрғын үй саясатын реформалау шеңберінде, жергілікті атқарушы органдардың есепке қою, және үйлерді бөлу функцияларын ұлттық даму институты Отбасы банкіне беруді көздейтін заң қабылданды. Бұл саясат тұрғын үй алуды қол жетімді етеді, — деді Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, тұрғын үйді бөлу, тіркеу күніне және табыс деңгейіне байланысты жүзеге асырылады.
— Бұл ең алдымен ұзақ уақыт бойы кезекте тұратын азаматтарды үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әлеуметтік осал топтарға жалға берілген үйлерді жекешелендіруге мүмкіндік берілді. Бұл норма биыл 4 желтоқсанда күшіне енді. Осы шараның арқасында 50 мыңнан астам азамат үйлі болады. Жалпы реформалау бойынша қарастырылған жаңа өзгерістер келесі жылдың мамыр айында күшіне енгелі отыр, - деді Шарлапаев.
Фото: Үкімет