Желтоқсанда Ұлттық қордан 900 млн доллар сатылған

Соған қарамастан теңге өткен айда 2,5%-ға әлсіреді

Мәди Саматұлы

  • 05.01.2025

Желтоқсан қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 доллар үшін 525,10 теңгеге дейін 2,5%-ға әлсіреді. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 262 млн-нан 254 млн долларға дейін төмендеді. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 5,3 млрд долларды құрады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлттық банк мәліметінше, Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін желтоқсанда 900 млн долларға валюта сатылған. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 17%-ын немесе күніне шамамен 43 млн доллар құрады.

Республикалық бюджетке трансферт бөлуге Үкіметтің алдын ала болжамды өтініштері бойынша 2025 жылғы қаңтарда Ұлттық Банк Ұлттық қордан 750 млн-нан 850 млн долларға дейінгі мөлшерде валюта сатылады деп күтеді.

БЖЗҚ-да валюталық активтер үлесі 2024 жылдың соңында 40%-дан сәл жоғары болды. Ұлттық Банк желтоқсанда зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне АҚШ долларын сатып алған жоқ. 2025 жылғы қаңтарда БЖЗҚ-қа валюта сатып алу жоспарланбады, деп жазды Ұлттық банк.

Ішкі валюта нарығында шектеулі ұсыныс кезінде экономикалық агенттер тарапынан шетел валютасына жоғары сұраныс сақталған.

Тұрақсыздық тудыратын ауытқулардың алдын алып, теңге бағамының шамадан тыс құбылмалылығын реттеу мақсатында және белгілі бір кезеңдерде шетел валютасының ұсынысын қамтамасыз ету үшін Ұлттық Банк желтоқсанда валюталық интервенция жүргізген. Айдың қорытындысы бойынша валюта сату көлемі 307,6 млн долларды құрады.

Фото: Жансерік Күзембай

Байланысты жаналықтар

Доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

18.12.2024

12 желтоқсанға арналған валюта бағамы

12.12.2024

Алматы және Астана қалаларындағы 10 желтоқсандағы валюта бағамы

10.12.2024

Девальвация, Ұлттық қор және Еуразиялық одақ пен ортақ валюта туралы

07.12.2024

Теңгенің қазіргі жағдайы 1994 жылғы девальвациямен байланысты - Марченко

06.12.2024

Алматы мен Астанада доллар қаншадан сатылып жатыр

06.12.2024
MalimBlocks
Доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 525,5 теңгеден сатылып жатыр

12 желтоқсанға арналған валюта бағамы

Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттері валюталар: доллар, еуро және рубльді сатып алу-сатудың орташа бағамы қандай?

Алматы және Астана қалаларындағы 10 желтоқсандағы валюта бағамы

Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттері валюталарды: доллар, еуро және рубльді сатып алу және сатудың орташа бағамын ұсынды.

Девальвация, Ұлттық қор және Еуразиялық одақ пен ортақ валюта туралы

Егер 1994 жылғы девальвация болмаса, қазіргі уақытта теңге курсы 500-ге жетпес еді, әрі оған қатысты әңгімелерде «200-ге жете ме?» деп талқылап жатқан болар едік.

Теңгенің қазіргі жағдайы 1994 жылғы девальвациямен байланысты - Марченко

Алматы мен Астанада доллар қаншадан сатылып жатыр

Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллар, еуро мен рубль бағамы нақтыланды.