Жезқазғандағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға қанша бөлінді?

Сұлу Бөлек

  • 19.05.2025

Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Жезқазған қаласының шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға Үкімет резервінен шамамен 1,8 млрд теңге бөлінді.

Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Қаражат шаруашылық-ауыз су тазарту құрылысын жаңғыртуға мүмкіндік беретін мембраналық жабдықты орнату арқылы қуаты тәулігіне 124 мың м3 қолданыстағы тазарту құрылыстарын толық реконструкциялау жобасының екінші кезегін жүзеге асыруға бағытталды.

Бұлжобаны жүзеге асыру Жезқазған қаласы тұрғындары үшін әлеуметтік маңызды мәселе болып отыр.

Облыс орталығын сумен жабдықтау Кеңгір су қоймасы арқылы жүзеге асырылады. Қаланың шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстары 1966 жылы пайдалануға берілген. Жабдықтар мен технологиялар шамамен 90 пайызға тозған. 

Бөлінген қаржы қазір 93,3 мың адам тұратын Жезқазған халқының әлеуметтік-экологиялық ахуалын одан әрі жақсартуға және тұрғындардың санитарлық-гигиеналық өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Фото: Үкімет

Байланысты жаналықтар

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

19.05.2025

Роман Скляр жұмыс сапарымен «Нұр Жолы» өткізу пунктінің өндірістік қызметімен танысты

18.05.2025

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

17.05.2025

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025

Өзеннен арқанмен өтпек болып, суға құлап кеткен әскери қызметкердің денесі табылды

15.05.2025
MalimBlocks
Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

Шетелдік капитал иелері алдымен Қазақстанның соңғы жылдардағы сыртқы іскерлік байланыстарына назар аударады