Жобалық менеджментті дамытуға байқау жарияланды

  • 18.08.2021

«Qazaqstan Project Management Awards 2021» ұлттық байқауы өтпек. Бұл байқау Қазақстандағы жобалық менеджмент жүйесін дамытуға сеп болмақ. Конкурсты  ұйымдастырушылар жобалық менеджменттің кәсіби жарыс алаңын қалыптастырып, онда идеялар базары мен бәсекесін бастағысы келеді. Айтпақшы, бұл байқауды бірлесіп ұйымдастырып жатқандар Ұлттық экономика министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Мемлекеттік басқару академиясы.  

Бұрынғыдан бір ерекшелігі биылғы жылы байқаудың ауқымы кеңейіп, енді оған мемлекеттік органдар ғана емес, квазимемлекеттік сектор субъектілері, үкіметтік емес ұйымдар, жоғары оқу орындары, шағын және орта бизнес субъектілері де қатыспақ екен.  Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізілмек:

«Жылдың үздік жобасы»

«Жылдың үздік жобалық кеңсесі»

«Жылдың үздік жоба менеджері»

Сондай-ақ, Үздік РМ-тренері, Үздік гендерлік жоба, Балаға мейірімді үздік жоба дегендей арнайы номинациялар қарастырылған.

Байқауда жобалық менеджменттің іске асырылып жатқан немесе іске асырылған үздік жобалары іріктеледі. Сонымен қатар, конкурсты ұйымдастырушылар жобаларды барынша тиімді басқара алатын көшбасшыларды – үздік жоба менеджерлерін де анықтайды. Одан бөлек, негізгі номинациялардың бірі - «Жылдың үздік жобалық кеңсесі» бар, ол дұрыс құрылған ұйымдық құрылымды анықтау мақсатында жүргізіледі. 

Конкурс онлайн-форумда өтеді. Онда жеңімпаздар жобалық менеджменттегі жұмыс тәжірибесімен бөліседі, артықшылықтары мен ойларын жеткізе алады.

Конкурсқа қатысуға өтінімді Мемлекеттік басқару академиясының сайтында https://www.apa.kz/ru/konkurs/ онлайн түрде беруге болады. Сондай-ақ, бұл сайтта қатысу ережелеріне, есептерді толтыру формалары және басқа да қажетті ақпараттар орналастырылған. Байқаудің өту мен қазылар алқасының бағалау мерзімдері, сондай-ақ, марапат мөлшерлері де жоғарыда айтып өткен сайтта көрсетілген

Байланысты жаналықтар

Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

16.04.2025

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

16.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

14.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

14.04.2025
MalimBlocks
Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

Энергетика министрлігі электр энергиясы үшін шекті тарифтерді қайта қарады