Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Енді жемқорлардың тізімі ашық жарияланады

Қоғам
Енді жемқорлардың тізімі ашық жарияланады

Ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін сотталғандардың тізімі жарияланады. Мәжілістің жалпы отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заң жобасын талқылау кезінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов осылай деді.


Сыбайлас жемқорлардың жария тізілімін енгізу ескерілген. Бұл – профилактикалық құрал. Оның басты мақсаты – қоғам арқылы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру. Тізілімде ауыр немесе аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін сотталғандар туралы мәліметтер қамтылатын болады. Мәліметтер тек заңды күшіне енген айыптау үкімінің негізінде қосылады, - деді Ұ. Сарқұлов.

Оның айтуынша, тізілімінен ақтау үкімінің заңды күшіне енуі және соттылықтың өтелуі негізінде шығару мүмкін болады. Тізілім агенттіктің сайтына орналастырылады. Тізілімді жүргізуді агенттікке бекіту көзделіп отыр.

Фото: farabi.university

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу