Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Грузиядағы наразылық бір айдан бері тоқтамай тұр

Саясат
Грузиядағы наразылық бір айдан бері тоқтамай тұр

Грузияда Еуропалық одаққа қосылудан бас тарту мен қазан айындағы Парламенттік сайлаудың нәтижелеріне қарсы наразылық бір айдан бері жалғасып келеді. 25 желтоқсанда Тбилисиде өткен «Бірлік маршы» акциясына Грузияда тұратын армян, әзербайжан және басқа да ұлттық азшылық өкілдері қосылды, деп хабарлайды euronews.com сайты.

Наразылық 28 қарашада басталған, сол кезде премьер-министр Иракли Кобахидзе Грузияның Еуропалық одаққа қосылу өтінімін 2028 жылға дейін кейінге қалдыратынын мәлімдеген болатын. Осы уақыттан бері елдің әртүрлі бөліктерінде адамдар саяси өзгеріс, жаңа парламенттік сайлау өткізу және бұрынғы наразылық кезінде ұсталғандарды босату талаптарын қойып жатыр.

«Еуропалық болашақ үшін»

«Біз этникалық азшылық ретінде біріктік. Біз Грузияның кез келген азаматы сияқты қалыпты өмір сүруді қалаймыз: қорқынышсыз өмір, біздің құқықтарымыз бен мәдениетіміз қорғалған өмір. Сондықтан біз еуропалық болашақ үшін күресеміз», – дейді «Бірлік маршының» қатысушысы Камилла Мамедова.

Таяудағы саяси жағдай

Грузиядағы саяси ахуал әлі де шиеленіскен күйде. 25 желтоқсан күні кешке президент Саломе Зурабишвилидің алдағы жоспары туралы мәлімдеме жасайды делінген болатын. Оппозиция өкілдері бұл туралы екінші консультациялар күні ақпарат берген.

Зурабишвилидің президенттік өкілеттігі 29 желтоқсан күні аяқталады. Президент парламентті таратып, қайта сайлау күнін жариялауы мүмкін. Грузия оппозициясы президентті қолдап, Зурабишвилиге бұл мерзім өткеннен кейін де президент сарайында қалуды ұсынды.

Жаңа президенттің инаугурациясы

Осы уақытта Грузия парламентінің баспасөз қызметі 29 желтоқсан күні Грузияның алтыншы президенті Михаил Кавелашвилидің инаугурациясы өтетінін хабарлады. Алайда, оның легитимдігін қазіргі президент пен оппозиция мойындамайды. Инаугурацияға Грузиядағы аккредиттелген шетелдік дипломаттытар шақырылмаған. Азаттаық радиосының мәліметіне қарағанда, инаугурацияда орын тапшы. Болғандықтан, шетелдік дипломаттар қатыспайды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу