11-сынып оқушысы 14 жастағы қызды зорлап келген. Сот үкімі шықты

Апелляциялық сот жас қызды зорлаған жігітке шыққан сот шешімін қайта қарады, деп хабарлайды Malim.kz.
Еске салайық, Түркістан облысында 2 жыл бұрын 17 жастағы жігіт 14 жастағы мектеп оқушысын зорлап, өзін-өзі өлтіремін деп қорқытып келген. Бұл іс 2023 жылдан бері жалғасқан. «Не молчи» қоры жігітке үкім шыққанын хабарлады.
Біз төрт күн бұрын барлық мәліметтерді жарияладық. Ол алдымен 2 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Содан кейін апелляциялық сот жігітті 2 жылға бас бостандығынан айырды. Жоғарғы сот апелляциялық соттың шешімін жойып, істі қайта қарады. Нәтижесінде 28 ақпанда сот барлық дәлелдемелерді, скриншоттарды, чаттарды, фотосуреттерді толық тексерді. Жігітті 7,5 жылға бас бостандығынан айырды» деп жазды қоғамдық қор.
Бұл жағдай Сайрам ауданында болған. 2022 жылы 17 жастағы 11-сынып оқушысы 7-сынып оқитын 14 жастағы қызбен кездеседі. Жігіт қызды пышақпен қорқытып, жыныстық қатынасқа мәжбүрлейді. Кәмелет жасына толмаған қыз болған жағдайды біреуге айтуға қорқады. Жігіт асылып өлетінін, өліміне қызды кінәлап қолхат қалдыратынын, кейін оны түрмеге қамайтынын айтып қызды қорқытады. Бірнеше рет жігіт қызды қорқытып, азаптаған. Ол өзінің қолын кесіп, өміріне қауіп төндірген. Кейін жігіт өзін қыздың үйінде өлтіретінін, өліміне қыздың туыстары кінәлі болатынын айтып, қорқытуын тоқтатпаған.
2023 жылдың қаңтарынан шілдесіне дейін жігіт қызды тағы бірнеше рет зорлаған. Қыздың анасы келеңсіз жағдай туралы Сайрам ауданының полиция басқармасына арыз жазды.
Фото: Depositphotos
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
