3 трлн теңге шығын: СҚО-да кәсіпкерлер қайта қамауға алынды

Malim Админ

  • 10.01.2025

Солтүстік Қазақстан облысында «Тиолайн» ЖШС және «Обухов тау-кен байыту комбинаты» ЖШС басшыларына қатысты қылмыстық іс сотта қайта қаралады.


СҚО сотының мәліметінше, кәсіпорындардың басшылары Д. В., Д. Д.-ға жер қойнауын өз бетінше пайдалану, заңсыз кәсіпкерлік және пара беруге оқталу бойынша айып тағылған. Бұл қылмыстық істе тағы екі адам — Қ.С., С. Т. — пара беруге және алаяқтық жасауға азғыру бойынша жауап беруде.

Сотталушылар 2021 жылғы сәуірден бастап 2024 жылдың қаңтарына дейін СҚО Тайынша ауданы Обуховка ауылының маңында орналасқан «Обуховское» кен орнында заңсыз пайдалы қазбаларды өндірген. «Тиолайн» ЖШС және «Обухов тау-кен байыту комбинаты» ЖШС басшылары Д. В. және Д. Д. өз бетінше көлемі 1 620 620,16 тонна титан-цирконий кенін өндіріп, мемлекетке 3 трлн теңгеден астам шығын келтірді.

Осы кезеңде Д. В. және Д. Д. пайдалы қазбаларды өндіруге рұқсат беретін лицензиясыз 23 млрд теңгеден астам пайда көрген, олар титан-цирконий және ильменит концентратын сатып, кәсіпкерлікпен заңсыз айналысқан.

2023 жылдың тамызынан қыркүйегіне дейінгі аралықта К.С. және С. Т. құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғаларына пара береміз деп Д. В.-ны 225 млн теңге сомасында ақша беруге көндіріп, оның 90 млн теңгесін алдап қалтаға басқан.

Қылмыстық іс бұған дейін алқа билер алқасымен қаралып, олардың шешімімен Д. В., Д. Д., К.С., С. Т. ақталып, сот залынан шығарылды.

СҚО сотының қылмыстық істер бойынша сот алқасының қаулысымен СҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ақтау үкімі жойылды. Қылмыстық іс сол сотқа қайта басқа құрамда жаңадан сот талқылауына жіберілді.

Сот істі қарау кезінде қылмыстық іс жүргізу заңын бұзып, салдарынан бұл сот үкімінің қаулысына әсер еткен. 

Мәселен, сот сұрақ парағын тұжырымдау кезінде тараптардың бәсекелестігі мен тең құқықтылығы қағидатын бұзды және сот алқабилердің сұрақтардың мазмұны бойынша ескертулерін ескермеген, қосымша сұрақ қойғызбаған. 

Сот алқабилерге қысым көрсету туралы мән-жайларды анықтау үшін тиісті шаралар қабылдамай, олардың өтінішіне тиісті түрде жауап бермеген.

фото: freepik

 

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

16.04.2025

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

15.04.2025

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

14.04.2025

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

14.04.2025

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

11.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

Байшуақов ірі мөлшерде қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды