35 млн теңге пара алған Олжас Ағабековтың үкімі өзгеріссіз қалды

Демеушілік көмектен түскен 329 млн теңгенің 121 млн теңгесін алаяқтық жолмен иеленіп алған

Malim Админ

  • 25.09.2024

Апелляция алқасы Халықаралық жасыл технологиялар орталығының бұрынғы басқарма төрағасы Олжас Ағабековке шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды. 

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Олжас Ағабековты ірі мөлшерде пара алу, аса ірі мөлшерде алаяқтық жасау және лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану бойынша кінәлі деп таныды. 

«Ағабеков пен оның қорғаушылары апелляциялық шағым түсіріп, өзін ақтауды сұраған. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы 2024 жылғы 25 қыркүйектегі қаулысымен оның үкімін өзгеріссіз қалдырды», - деп Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты.     

Соттың шешімі бірден күшіне енді. Естеріңізге сала кетейік, Антикор Олжас Ағабековті «ҚазМұнайГаз» компаниясының Дубайдағы  экологиялық шарасын ұйымдастыру кезінде жалпы сомасы 121,6 млн теңгені жымқырған деген күлікпен қолға түсіріп, ісін сотқа жолдаған болатын. Сот 2024 жылдың тамыз айында оны 9 жылға соттаған. 

Фото: Kazinform