612 латифундистің қанша гектар жерді иеленіп алғаны анықталды

Malim Админ

  • 09.01.2025

Қазақстанда шекті мөлшерден артық көлемде жер иеленіп отырған адамдардың саны қанша? Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі жауап берді.  

 - Қазіргі уақытта 1 299 жеке тұлға 35 мың гектардан астам жерге, ал 612 заңды тұлға 51 мың гектардан астам жерге иелік етеді. Осы жер иеленушілеріне тиесілі жерлерді пайдалану тиімділігін анықтау үшін толық түгендеу жүргізілді, - деп жазылған ведомствоның Kazinform сауалына жолдаған жауабында.

Қазір қолданыстағы заңнамада жеке тұлғалар 35 мың гектардан, заңды тұлғалар 51 мың гектардан артық жер рәсімдей алмайтын норма бар.

- Бекітілген ең жоғары мөлшер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің бір қолда шоғырлануын болдырмау үшін белгіленді. Бір адамның уақытша жер пайдалану құқығында бірнеше жер учаскесі болуы мүмкін. Бірақ олардың жалпы ауданы көрсетілген мөлшерден аспауы тиіс деген қорытынды шығады. Осылайша, бүгінгі таңда қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жаңа мерзімге жалдау шартын жасау үшін бұрынғыдан артық жер учаскесін беруге рұқсат етілмейді, - деп жазады министрлік мамандары.   

Фото:  7kun.kz  

 

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

16.04.2025

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

15.04.2025

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

14.04.2025

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

14.04.2025

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

11.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

Байшуақов ірі мөлшерде қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды