457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

80-нен астам маңғыстаулықты алдаған қаржы пирамидасы әшкереленді

Маңғыстау облысының сексеннен аса тұрғыны қаржы пирамидаларына сеніп, қолындағы барынан айырылып қалған.  Олар «LiveGood» атты қаржы пирамидасына алданғаны белгілі болды. 


Осы аймақтағы  ҚМА департаменті заңсыз құрылған мекеменің қылмыстық жолмен жымқырылған қаржыны заңдастыру деректеріне қатысты тергеу жүргізді.  

Аталмыш компания дәрілік заттарды желілік маркетинг ретінде сатқан.  Салымшыларға  табысқа кенелесіңдер деген желеумен тақырға отырғызған. Қатысушылардың табысы шамамен 50 АҚШ долларынан басталады делінген.  Азаматтар осылайша қатарына жаңа адамдарды қосып отырғаны мәлім болды.  

Соның кеселінен  80-нен астам маңғыстаулық қаражатынан көз жазды.  Күдіктілер криптовалюта биржасымен ақшаларды заңсыз операцияны қолданып сыртқа  шығарған.  Қолға түсірген қаржыға ол  Ақтау шаһарынан 2 үй мен құнды автомобиль алған. Тұрғын үйдің мүліктің жалпы сомасы 43 миллионды құрайды.   Дегенмен,  сот 133 миллионға жуықтайтын теңге мөлшерінде есепшоттарына,  заттарына бұғат салды деп хабарлады мониторинг агенттігі өкілдері.    

Қылмысқа қатыстылар  қазіргі кезде үйқамақта отыр . Іс сотқа жолданды деп мәлім етті ҚМА.  

Фото: видеодан скрин