Qnet ісі бойынша сот үкімі шықты
Qnet қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастыру ісі бойынша сот үкімі шықты

Qnet қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастыру ісі бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
Тергеуді ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаменті жүргізген.
"Күдіктілер азаматтарды көп деңгейлі маркетинг желісі мен электрон коммерцияға инвестиция салуға, оның ішінде жалған QVI tripsaver саяхат карталарын және зергерлік бұйымдарды сатып алуға үгіттеген", - деп жазылған хабарламада.
Қатысушылардың салымы 840 мыңнан 4 млн теңгеге дейін ауытқып, міндетті шарт ретінде басқа қатысушыларды тарту талап етілген.
Қаржы пирамидасына 51 адам қатысып, олар 63 миллион теңгеден аса қаражат салған.
Сот шешімімен пирамида ұйымдастырушылары кінәлі деп танылып, оларға 6 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар, Астана қаласынан құны 301 миллион теңге тұратын 7 пәтер және Toyota Camry көлігі тәркіленді.
Фото: pixabay.com
MalimBlocks
